Шығармалар ✍️
Жеңіс күні ғажайып расында да
Қаншама адамның жанымен келген бұл жеңіс күні оңайлықпен келмегені айдан анық. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін арпалысқан қилы соғыс жүріп, соғысқа барған көптеген азаматтарымыз елімізге қайта орала алмаған.
Қазақтың мақтанышы, батыры Бауыржан Момышұлының жасаған ерліктерін ауызбен айтып жеткізе алмаймыз. Оның батырлығы мен қатар ақылдығы, тез арада шешім қабылдай алатындығы көптеген жауынгерлердің өмірін сақтап қалған десек те болады. Жыл өткен сайын тарих қойнауына еніп, бүгінгі ұрпақтарға сөздері алтын әріппен жазылатын тарихи оқиға болып оқытылып жүрген Жеңіс күнінің басты маңыздылығы осы Жеңіске жеткен кездегі олардың бааынан өткізген күйлерін сезіне алмаспыз. Міне, 1945 жылы 9 мамырда орын алған Жеңіс күні әр жыл сайын мереке болып тойланудв. Бұл мерекені тойлаудың басты мақсаты ардагерлерді еске алып, оларға тағзым жасап, арнайы іс-шаралар өткізу болып табылады. Бұл мереке күні елімізде демалыс болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter