Нақыл сөздер ✍️
21 жаста білуің керек 7 нәрсе
1. Жетістікке жетуге емес, бақытты болуға ұмтыл. Сүйікті ісіңмен айналыс. Жаныңа жақын жандармен бірге бол. Достарың көп болсын. Тәнің де, санаң да сау болсын.
2. Бір саланың хас маманы болсаң, ақша өзі-ақ келеді. Ақшаның соңына түспе. Көп ақша еңбекпен ғана келеді. “Дарын” туралы заңды жадыңда ұста: дарын дегеніміз — бір іске 10,000 сағат уақытыңды арнау.
3. Қамықпа, өмірде сан қилы кезеңдер болады, әр оқиғадан сабақ ал. Сол сәтте түсінбесең де, уақыт өте келе, ол оқиғаның өміріңде не үшін орын алғанын білесің.
4. Спортпен шұғылдан. Алдыңа мақсат қой. Бір жылға арналған мақсат қоюдан бастасаң болады. Бұл сені спортта ғана емес, өмірде де бәрін жоспарлауға, мақсат қоюға үйретеді.
5. Тәлімгер тап. Өмірдің барлық саласында: бизнесте, денсаулық саласында, спортта, тіпті, сезім мәселесінде де тәлімгерің болғаны жөн. Тәлімгер сенің уақытыңды да, қаражатыңды да үнемдейді.
6. Нәпсіңді тізгіндей біл. Сенің шалыс басуың, қателік жасауың, өкпе-ренішің мен дұшпандарың — өз нәпсіңді бақылауда ұстай алмауыңның нәтижесі.
7. Ата-анаңды мен отбасыңды ренжітпе. Жағымсыз мінез-құлқыңды жақындарыңа емес, басқаларға көрсет. Отбасың әрдайым сенімен бірге болады. Оларға қамқор бол: аяла, сүй, бағала.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter