Эсселер ✍️

  23.04.2024
  147


Автор: Бірлік күні

Ынтымақтың мекені — Қазақстан

1-ші мамыр — Бірлік күні. Бұл күн біздің елімізде ерекше аталып өтіледі. 130 дан ұлт өкілдері мекендейтін біздің Қазақ жерін Ынтымақтың киелі мекені десек болады. Өйткені, біздің елімізде мекендейтін барлық ұлттар бір-бірімен бірлігі мен тірлігі жарасқан халықтар. Олар әр жылы 1-ші мамырды ерекше көңіл-күймен қарсы алып, осы күні бір-бірін мерекемен құттықтап, ақ тілектерін жаудырады.
Тағы да айтар болсақ, бұл күн, Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Бұл күні арнайы демалыс болады. Еліміздің барлық өңірлерінде  1 мамыр ерекше күйде тойланады. Бұның басты мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып,  татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды  насихаттау болып табылады.
«Бірлік болмай тірлік болмас» деген мақалды басты ұстаным санаған Қазақстан халқы берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Демек, «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек екені сөзсіз.
Ендеше, Бірлігіміз бен тірлігіміз жарасым тауып, ынтымақта, сыйластықта, бейбітшілік күнде дрстастығымыз арта берсін, Қазақстан халқы! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу