23.04.2024
  161


Автор: Бірлік күні

Ынтымақ пен татулық күні

Бүгін еліміздің еңсесін тағы да бір көтеретін ең жоғарғы деңгейдегі «Бірлік күні» . Бұл күні елімізде мекендейтін түрлі ұлт өкілдерінің ынтымақ пен бірлікте бір-біріне үн қатып, сыйластықтарын жаңғыртады. Әрбір ұлттың салт-дәстүрлері мен ұлттық тағамдары, ұлттық киімдері насихатталып, көптеген іс-шаралар орын адатын бұл күннің еліміз үшін маңызы өте жоғары. Ынтымақ пен татулықты арқау ететін Бірлік күні Ұлтаралық сыйластықтарды арттырып, одан әрі жандандыра түседі.
Осы күнді бәрі асыға тосады, дәл осы күні, қазақ елі, «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып» тұтас мемлекет екенін дүниежүзіне дәлелдеп келеді, осы мейрам соның айғағы іспеттес. Біз барлығымыз да бейбіт заманда өмір сүруге лайықтымыз, Ал еліміздегі ынтымақ пен бірлікті сақтау әрбір Қазақстандық азаматтардың міндеті деп білемін.
Мен елімді сүйемін, жақсы көремін, құрметтеймін. Ұлтаралық ынтымақ пен татулық бар кезде біздің елімізде бейбітшілік мәңгі тұрақтап, көңіліміз жайланады. Бәрі өз қолымызда.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Бірлігіміз бен тірлігіміз жарасым таба берсін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу