Эсселер ✍️

  23.04.2024
  144


Автор: Бірлік күні

Бірлік күні мереке, бейбітшілік күні

Елімізде әр жыл сайын 1-ші мамыр күні тойланатын «Бірлік күні» Қазақстан халқы тойлайтын ынтымақ пен ұлтаралық Достастықты жанғыртатын мереке болып табылады. Бұл мереке күні аптаның қай күніне түссе де демалыс берілетін мереке біздің елімізде мекендейтін түрлі ұлттарға құрмет деп білемін. Одан бөлек Бірлік күніне елімізде арнайы іс-шаралар болып, татулық пен бірліктің, Ұлтаралық сыйластықтың нағаюын жақсартуна жол салады.
Өскелең ұрпақ осы татулық пен ынтымақты әпі қарай жалғастырады, өйткені бейбітшілік, тыныштық пен татулық біздің Отанымыздың кейінгіге қалдырар мұрасы. Ата-баба салған дара жолды әрі қарай жалғап, еліміздегі Ұлтаралық татулықты сақтап, сыйластықта оны әрі қарай жалғау әрбір өсіп келе жатқан ұрпақтарға парыз болмақ. Елімізде тұратын өзге ұлттар бәрі бір-бірімен тату-тәтті болып, сыйластықта өмір сүрер болса ел іргесі сөгілмесі анық. Сондықтан еліміздің тынышын сақтау, Ұлтаралық татулықты жақсарту біздің еліміздің жарқын болашағына ашық жол салады. Бұл әрбір Қазақстан азаматтарына ортақ мереке, әрбірімізге ортақ мәселе. Ұлтаралық сыйластық біздің елдің қарыштап дамуына үлкен себеп болады.
Ендеше, сыйластығымыз артып, бейбітшілігіміз күн өткен сайын жанымызға сая бола берсін! Бірлігі мен тірлігі жарасқан Қазақстан халқы аман болсын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу