23.04.2024
  183


Автор: Бірлік күні

Бірлік күні

1-ші мамыр — Бірлік күні. Бұл мереке көпұлтты Қазақстан елінде мекендеген түрлі ұлттардың өзара татулығы мен ынтымағын, бір-біріне деген сыйластықтарын көрсететін мейрам болып табылады. Бұл мерекенің басты ерекшелігі еліміздегі ұлтаралық татулық пен біплікті көрсетеді. .Шынымен де біздің еліміз татулық пен бірлікті, ынтымақты бірінші орынға қоятын өте бай, әдемі, әсем де сұлу елдердің бірі, біз әрқашан кім болса да, қандай ұлттың өкілі болса да құрметтейміз.
Біздің мемлекетіміз өте қонақжай ел, қандай ұлт өкілдері болмасын оларға құшақ ашып, сыйластықпен үн қатады. Бір сөзбен айтқанда, «су сұраса сүт беретін» біздің еліміз үшін бұл мерекенің мвңызы өте зор.
Елімізде мекендейтін әрбір ұлт өкілдерінің салт-дәстүрлері дәл осы күні, яғни 1 мамыр бірлік күні жанданып, мерекеге орай түрлі іс-шаралар өткізіледі. Әр ұлттың ұлттық киімнен бастап, салт-дәстүр, ұлттық тағамдары дайындалып, түрлі мерекелік іс-шаралар Қазақстан халқының татулығын көрсетеді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу