Шығармалар ✍️
Прокуратура қызметі
Прокуратура қызметі елімізде жақсы дамып, заңды тұрғыда ел тынышы үшін жұмыс жасап келеді. Сонау Тәуелсіздік алғаннан бастап, яғни 1991 жылы Прокуратура қызметі елімізде жаңаша бір қарқынмен басталып, тәй-тәйлаған баладай жыл санап өсіп, қанатын кеңге жайып келеді.
Прокуратура саласында қызмет етіп жүрген Прокуратура қызметкерлері расыменде ел үшін аянбай еңбек етіп жүрген жүрек жұтқан жандар дей аламын. Өйткені, қиындығы көп саланың заң аясында дәлелдермен үн қатып, айыптыға кінәларын дәлелдеп, жәбірленушінің жай күйлерін сезініп, ақ адал жүректерімен қызмет ететін жандар десем болады.
Әр жыл сайын кәсіби мерекелерін 6-шы желтоқсанда атап өтіп келе жатқан Прокуратура қызметкерлеріне бізден әрдайым құрмет.
Ел басына күн туса да, қандайда бір заңды тұрғцда алып қарағанда ерен еңбектерімен көзге түсетін де осы Прокурорлар дей аламын. Сондықтан олардың жасап жатқан істеріне кедергі болмай, қайта олардың істеріне көмек беретін болсақ елдегі болып жатқан қылмыстық оқиғалардың шындығы тезірек ашылуына мүмкіндік жасар едік. Әрбір Қазақстандық азаматтар ел алдындағы жауапкершілік пен борыштарын адал атқарар болса елімізде «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» күн болары анық. Сондықтан, Прокуратура қызметкерлеріне дәлел жағынан көмек беріп, көрген білгенімізді айтып, жұмыстарын жеңілдетер болсақ бұл тұрғыда еліміздің алдындағы адами тұрғыдағы парызымызды орындаған болар едік.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter