Шығармалар ✍️
Прокуратура қызметкерлерінің мейрамы
Жыл сайын 6 желтоқсан Прокуратура қызметкерлерінің кәсіби мерекелері аталып өтіледі. Қазақстан прокуратурасы тарих беттеріне қарап отырсақ бірден қалыптасып, бой түземеген. Яғни 100 жылдық тарихы бар ұзақ қалыптасудан өтті десек те болады. Бұл 1 ғасыр жол жүру барысында көптеген қиындықтарға да тап болып, жаймен ғана бой түзеп, өзіндік заңдық мәртебесіне шыға білді.
Прокуратура қызметінде жүрген адам ғана анық қиындықтарын бастан өткеріп, сол салада жүргендер осы қызметтің ыстығына күйіп, суығына тонған жандар дер едім. Ел басына күн туса да, басқа да қылмыстық істер мен жемқорлықтар сияқты неше түрлі істердің басы қасында жүретін осы Прокурорлар деп білем.
Сонау 1937 жылдарға бет бұратын болсақ Қазақстан прокуратурасының тарихында да қиын кезеңдер болып, жазықсыз жандарға жала жабылып көптеген Прокурорлар ешқандай себепсіз қызметтерінен босатылған. Тіпті араларында тұтқындалғандары да болған.
Ал, дерек көздерге сүйенсек, Ұлы Отан соғысы жылдарында елді қорғауға көптеген тергеушілер мен прокурорлар үлес қосты. Соғыстың бірінші жылында ғана Қазақстан прокуратурасының 885 қызметкерінің 411-і майданға аттанған екен.
Бүгінде 6 желтоқсан күні кәсіби мерекелерін өткізіп жүрген Қазақстандық Прокурорлар заң аясында қызмет етіп, еліміз үшін аянбай жұмыс жасауда.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter