Өлеңдер ✍️

  17.04.2024
  588


Үнсіздік

Қалай дәтің шыдап жатыр отыз күн?


Қалың қалай деп қатпадың неге үн?


Мені қатты ренжіткен сен емес па?


Көп ойландым, түйін түйдім неше түн!


 


Гитарамен қиялданып өлең айтпа,


Жібітемін жүректі деп ойлама!


Бір ауыз сөз керек маған, ән емес,


Болмайды ғой, іс әрқашан кешірмес.


 


Әлде бет жоқ, ұят саған звандауға,


Сұрақ қойсам, жауап бермей қысылуда.


Өтіріктің белшесіне әбден баттың,


Арың  менен  шындықты солай саттың!


 


Қырсығып отыра бер, өзің біл,


Күтпеймін мен қашан сен қатасың тіл!


Өзін ұнатсаң осылай жүре бер,


Тек ұмытпа, суықтан сезім өшер...


 


Сан алдадың сендім саған, сөзсіз мен,


Іштей шындық әрқашанда кернеген.


Мойындамай, боқтап мені, туладың,


 Жүрекпенен өмірімді уладың!


 


Сенде ғана сынақ емес, біліп қой!


Түсінесің, кішкене жүгіртсен ой.


Алла жазған тағдырға көне білсең,


Шүкір етсең Алланың есігі кең!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу