Эсселер ✍️

  13.04.2024
  96


Автор: Тілдер күні

Тілдер мерекесі құтты болсын!

2017 жылға дейін бірнеше рет өзгеріске ұшыраған қазіргі таңда 5 қыркүйек күні тойланып келе жатқан Тілдер мерекесінің еліміз үшін маңызы өте зор. Тілдер мерекесінің басты мақсаты қазақ тілін елімізде тұратын өзге ұлт өкілдеріне барынша насихаттау болса, сонымен қатар түрлі ұлттар арасындағы халықтардың достастығы болып табылады. Тілдер мерекесінде әрбір ұлт өз ана тілдерінде үн қатып, өз салт-дәстүрлерін насихаттау болса, сонымен қатар басқа да ұлттардың салт-дәстүрлері мен ұлттық тағамдарымен танысу сынды ұлттар арасындағы достастық деп білем.
Ия, біз көпұлтты мемлекетпіз. Біздің елімізде қиын қыстау заманнан бері тұрақтап қалған өзге ұлт өкілдері бұл күндері қазақтармен жақсы араласып кеткені соншалық олардың көпшілігі қазақ тілінде өз ана тіліндей анық сөйлеп, қазақ тілінің мемлекеттік тіл екендігін сөзге тиек етіп, әрбір Қазақстандықтар қазақ тілін білулері шарт деген ұстанымда болады.
Міне, мемлекеттік тіл қазақ тіліне деген құрметтері олардың қазақ тілін насихаттап, қазақ тілінде анық сөйлегендері емес пе?! Ұлтаралық достастықтың арқасында біздің еліміз көптеген жетістіктерге жетуде. Атап айтар болсақ спорт саласын алып қарасақ көптеген өзге ұлт өкілдерінен тұратын Қазақстандық бауырлар жүлделі орындарға ие болып, алтын, күміс қоланы қанжығаларына байлап жатқандары бар. Олар Қазақстандықтар болғандықтан әрине біздің көк туымыз желбірейді емес пе?! Бұл біздің еліміздің қуанышы, біздің еліміздің елімізде тұратын өзге ұлт өкілдеріне деген құрметтері мен сыйластықтары.
Ендеше, 5 қыркүйек күні келетін Тілдер мерекесі құтты болсын! Елімізде тұратын түрлі ұлт өкілдері арасындағы Ұлтаралық достастықтың жібі үзілмесін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу