11.04.2024
  473


Автор: Сұлтан Қалиұлы

Аңғалдардың ажалы

Мариана түбiнде,
Жартастардың бiрiнде
,
Бiр үңгiрде тым ескi
Шабақ, шаян күн кештi.
Асын бiрге қамдады,
Бiр-бiрiнен қалмады.
Бiрге iздеп жемiн де
,
Бiрге шықты сейiлге.
Күндердiң бiр күнiнде,
Нән жартастың түбiнде,
Шаян түртiп шабақты,
Үстiрт жаққа қаратты.
Жарқ-жарқ етiп самайы,
Жап-жарық боп маңайы,
Бұлаң-бұлаң
Ырғалып,
Келе жатты бiр балық.
– Тегiн емес бұл балық, –
Алтын балық, күн балық.
Өзi қандай нән балық! –
Дедi шаян таңданып.
– Жарыққа
Бұл аңғарда
Зәру емес жан бар ма?
Кесел бар ма тәнiңде,
Қуады ол бәрiн де.
Кiргiзедi жаныңды,
Жүргiзедi қаныңды.
Күшейтедi жүректi,
Қатайтады сүйектi.
Жақын барып қаралық,
Жарықтан нәр алалық,
Қыздырынып тұралық, –
Дедi шабақ қуанып.
Шаян оған күлiмдеп,
– Ақыл екен мұның! – деп,
Бiрiн-бiрi мақұлдап,
Келiп едi жақындап,
Отыр екен қамданып,
Жұта салды нән балық.
Соны көрген балықтар:
– Жарықтан да қауiп бар.
Аңғалдық та, есебi –
Тажал екен, – деседi.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу