Аңыздар ✍️

  11.04.2024
  419


Автор: Сұлтан Қалиұлы

Бақ атай туралы аңыз

 І
Баяғы өткен заманда,
Жұрт апшысын қуырған
,
Қайыры жоқ адамға,
Өмiр сүрдi зұлым хан
.
Қайтқанда аңнан бiр күнi
Базарға хан бұрылды.
– Толмайды, – деп, – құлқыны! –
Сыбады жұрт зұлымды.
Хан аралап келедi,
Базар iшi көп халық.
Ығысып жол бередi,
Абыр-сабыр боп қалып
.
Заттар жатыр үюлi,
Алушылар таңдайды.
Алба-жұлба киiмi
Бiр кәрi шал зарлайды.
– Уа, халайық, тыңдаңдар,
Ақылым көп, ақшам жоқ,
Менен ақыл сұраңдар,
Ақыл таппай жатсаң тек.
Аяқтары бұралып,
Iсiп кеткен бiр көзi
.
Кеткендей-ақ жын қағып,
Жүрiсi оның күнде осы.
Тыңдап жатқан пенде жоқ,
Ешкiм құлақ аспайды.
Бейшара шал термелеп
,
Сөзiн қайта бастайды
.
 – Уа, халайық, тыңдаңдар,
Ақылым көп, ақшам жоқ,
Менен ақыл сұраңдар,
Ақыл таппай жатсаң тек.
Ақсақ шалдың тақпағын
Шалды ханның құлағы.
Тежедi де аттарын,
– Мұның не? – деп сұрады.
– Уа, хан тақсыр,
Мен бейбақ,
Ақылым көп, ақшам жоқ,
Қамығамын соны ойлап
,
Мұнан да өлiп жатсам
! – деп.
– Зарлама сен бекерге
,
Мiнгес мұнда, абайла
!
– Жеткiз
! – дедi нөкерге –
Тез арада сарайға!..
Шiренiп хан тағында:
– Ақылыңды айт, – дегенде,
Бақ шал жатты алдында
Басын қойып еденге.
– Ақылым көп деп едiм
,
Мынау айтар ақылым:
Сауда жасап келейiн,
Керегi жоқ ақының.
Қазынаңа
Армандай
Асыл тастар сыймайды
.
Бәсекелес хан қалмай
,
Бәрi өзiңдi сыйлайды
.
Ханның көзi күлiмдеп,
Тарта бердi танауын.
Саусақтары дiрiлдеп:
– Болсын, – дедi, – қалауың
!
Бес саудагер бар менде,
Қазынамның тiрегi.
Сауда жасап арғы елге
Солар ертең жүредi.
Сен де барсаң Қоқанға,
Жасалсын тез жол қамы.
– Сату үшiн екi арба
Мейiз болса болғаны
.
– Қиын-қыстау жол өңшең,
Жүредi шөл, құм кешiп.
Бел байласаң, жөнел сен
Соларға ертең iлесiп
.
Шабарманға хан кенет
Шақыртты әлгi бесеуiн.
– Сендерге бiр бар көмек,
Кәне, қайсың көсемiң
?
Бұл адасып кетпесiн,
Ит-құстан да қорыңдар.
Зәбiр-жапа шекпесiн,
Әр кез бас-көз болыңдар. –
Елге салған лаңын
Осылар-ды ұрылар.
Мойынында бұлардың
Сан адамның құны бар
.
Жұртты тонап
Бөгде елге
Тартады ылғи мал айдап.
Бұл бесеудi көргенде
,
Зар илейдi бар аймақ
.
 Осыны ойлап бақ шалдың
Сыздап кеттi жүрегi.
Тамаша едi-ау жас шағы,
Онда сап-сау, тың едi.
Егiн жинап алыстан,
Шаршап әбден оралған
.
Аттандаған дауыстан
Түнде шошып оянған.
Өңi ме, әлде түсi ме
,
Зарлы дауыс есiткен.
Ыза толып iшiне,
Тысқа атылған есiктен.
Көршi үйдiң қасында
Қараңдайды бес атты.
Бiрi түсiп, асыға
Көк сиырды босатты
.
Қылыштарын үйiрiп,
Шапқылады көгендi.
Қой-қозыны иiрiп,
Алдына сап жөнелдi.
– Сор қостыңдар сорыма,
Қырылып қал бәрiң
! – деп,
Қарғыс айтып,
Жолында
Кемпiр тұрды зар илеп.
– Кесiрiнен сен тiлдiң
Қоштасарсың өмiрмен! –
Ұры
Жонын кемпiрдiң
Осып өттi дойырмен.
Жұлып алып дойырын,
Бақ шаужайға жармасты.
Сiлтедi ұры сойылын,
Бақтың үстiн қан басты.
Қалды жұлып бұрымын,
Көршiсiнiң жесiрi
.
Алып кеттi сиырын
Қаныпезер бес ұры...
Шал сол күннен мүгедек,
Базар барып жылайды.
Отырып ап жүрелеп,
Жұрттан қайыр сұрайды.
Өз әкесi өлерде
Қалдырған-ды өсиет.
«Азаптансаң, бөгелме
,
Ақкөл суын кешiп өт.
Мол болсын тек өрiгiң,
Жағалауға төгесiң.
Асыл тастың небiрiн
Сол жерден сен көресiң».
Мән бермей бұл сөзге түк,
Алмап едi есiне.
Қозғалатын кез жетiп,
Келдi ендi шешiмге.
Әкеге айтпақ мың алғыс,
Жазылса егер кеселi
.
Бiрақ Ақкөл тым алыс,
Жердiң түбi деседi
.
Көлiк те жоқ
Қаймықпай
Оған сапар шегетiн.
Өрiк те жоқ
 Қамықпай
Жағалауға себетiн.
Мұны сатып алатын
Қаржы да жоқ көк тиын.
Жамылғаны – қара түн,
Үстiнде де жоқ киiм.
Жүргенi ылғи қалжырап,
Бұл ит өмiр шаршатты.
Көрiнгеннен нан сұрап,
Көрiнгенге ар сатты.
Өсиетiн әкенiң
Орындамақ ол ендi
.
Ұмытып жол қатерiн,
Қуанышқа бөлендi
.
ІІ
Таң атты түн түрiлiп,
Керуен тұр сәнденiп.
Сәт тiлегiн бiлдiрiп,
Қош айтысты хан келiп.
Он түйеге жүк артқан
Бара жатыр керуен.
Көк сағымды мұнартқан
Көл ме дерлiк көрiнген.
Сықырлайды соңында
Қос өгiздi қос арба.
Күн ерте әлi қонуға,
Тарта бердi көш алға...
Екi ай өттi арада,
Әлi жүрiп келедi
.
Жұрттың: «Жапан далада –
Қайда – көл бар», – дегенi
.
Бiр сәтте ту ойпаңнан
Шалқар Ақкөл көрiндi
.
Үмiт жанып қайта алдан,
Қуанышқа көмiлдi
.
Қонып шығып осында,
Таң қылаңдай жиналды
.
Ал бақ атай қосылмай
,
Қап кетудi ұйғарды.
– Сендер жүре берiңдер,
Мен осында қаламын.
Жай-жапсарды көрдiңдер,
Қалмады өзге амалым.
Өгiздерiм арыды,
Әлсiредiм өзiм де.
Ұзақ жолға бәрiбiр
Дәрменiм жоқ төзуге. – Тiс жармады сыр ашып,
Атай қалды күйбеңдеп
.
Саудагерлер қыр асып
,
Кете барды изеңдеп.
ІІІ
Соқпаса да жел онша,
Шалқып жатыр өр теңiз,
Жағалауы көк майса,
Жайылып жүр төрт өгiз.
Мекендеп бiр төбенi
,
Атай отыр қос тiгiп.
 Мейiздерiн төгедi
Жағалауға кешкiлiк.
Гауһар тiстеп,
Теңiздi
Балық мекен етедi
.
Гауһар тастап,
Мейiздi
Солар алып кетедi
.
Атай қарсы ап әр таңды,
– Оңға басты iс, – дейдi
.
Тезекке орап гауһарды,
Ғажап теппе iстейдi
.
Бақыт таңы атқандай,
Жадырады қабағы.
Жара орнында дақ қалмай,
Сауықты қол-аяғы.
Өте бердi күн зарлап,
Таусылды ендi мейiз де.
Жүрмедi оған тұнжырап,
Телмiрмедi теңiзге.
Бұрынғыша
Әр таңды
Өткiзген жоқ жай, текке,
Қажет етпей гауһарды, Iстедi ендi жай теппе.
Мол байлықпен бiр күнi
Саудагерлер кеп жеттi
.
Бiтелгендей құлқыны,
Табыстарын сөз еттi
.
– Ал, бақалым,
Ханға, кәне, тартуың
?
Апаратын
Бар ма бiраз алтының
?
Атай ләм-мим демедi,
Кекесе де дұшпаны.
Үйме тезек төбенi
Иегiмен нұсқады.
– Қараңдаршы, өзi ептi,
Жалқау емес. Бұл жақсы.
Сыйға тартып тезектi
,
Ханды риза қылмақшы.
– Мiне, нағыз әңгi
! – деп,
Бiреулерi күлiстi.
– Мазақтама шалды
! – деп,
Бiрi зекiп ұрысты.
– От шашады тiлiнен,
Қалыпты ғой әл бiтiп
,
Мұны мына түрiмен
Тұр-ау, сiрә, дар күтiп. –
Бақ атайдың
Айтылмай,
Көздерiнде сыр қалды
.
Қамын жасап қайтуға,
Аспай-саспай жиналды
.
Ғажап тезек тиелдi
Бiреуiне арбаның.
Екiншiге тиедi
Отын үшiн қалғанын.
Тезектердiң үстiне
Өгiзге деп шөп үйдi.
Өрге басты iс, мiне,
Бiр демдедi көңiлдi.
 Бұлт торлады аспанды
,
Қай уақыт, жұрт бiлмедi.
Тағы да көш басталды
,
Жылжып кеттi iлгерi.
Өте бердi күн зырлап
,
Көш ауылға жетпедi.
Ауыл, шiркiн, тым жырақ,
Бес ай болды кеткелi
.
Кенет келiп бiр құйын,
Көштiң алдын орады
.
Бiтеп жолдың ылдиын,
Iзiнше қар борады.
Түйелерiн шөгерiп,
Саудагерлер ықтады.
Өгiзiне шөп берiп,
Арбада атай ұйқтады.
Өткен жоқ-ты көп уақыт,
Бас саудагер:
– Бақ, – дедi.
Жұлқып оны оятып:
– Бiзге тезек сат
! – дедi.
– Ханға апарам, сатпаймын,
Неменеге сатамын
?
Өзiм тезек жақпаймын
,
Шөпке кiрiп жатамын.
Пiсiре алмай саудасын,
Ұзақ тұрды екеуi.
– Болмаса бiр арбасын
Қарыз берсең не етедi
?
Бiздi азапқа салма
! – деп,
Қоймаған соң дұшпаны
,
– Қайтарасың ханға
! – деп,
Жай тезектi нұсқады.
Өткеннен соң он бес күн,
Долы боран басылды.
Жаурамады ендi ешкiм
,
Күн жадырап ашылды.
Қайғы тарқап көңiлден,
Көш iлгерi беттедi.
Жүре-жүре керуен
Ауылға да жеттi ендi
.
Саудагерлер күлiсiп,
Желiп кеттi iлгерi.
Байғұс шалдың
Тырысып,
Өгiздерi жүрмедi.
Бар байлығын көрсеттi,
Ханды ұрылар мәз қылды.
– Ал Бақ босқа жол шектi,
Түгi жоқ
! – деп, жазғырды.
Саудагерлер сый алып
,
Үйдi-үйiне тарады.
Сол сәтте бақ «ұялып»,
Есiктен жай қарады.
Байқап қалды хан оны
,
Таусылыпты шыдамы.
– Не әкелдiң,
Әуелi
Соныңды айт, – деп сұрады.
Шал бiр тезек ап келiп,
Жайлап қарап алды да
,
 Ортасынан қақ бөлiп,
Ханның тосты алдына.
Хан бақылап отырып,
Тұрды бiр сәт атылып
.
Өзi ендi опырып,
Күле бердi алқынып.
– Мұны қайдан алдың, а? –
Ол жындана сұрады.
– Қазып алдым бардым да,
Бабам көмген ұраны.
Шалды сүйiп егiлдi,
Аймалады құлшынып.
Ал бақ ата шегiндi
Жиренiшпен күрсiнiп.
– Сiзге осындай шашуым
Екi арбаға толған-ды
.
Бiр арбасын басшы iнiм
Қарызға деп жолда алды.
Бiреуi – әне, арбаның
,
Ендi елiмiз жайқалар
.
Қарызға деп алғанын
Саудагерлер қайтарар. –
Арыстанша ақырып,
Қаһарына хан мiндi.
Шабарманын шақырып,
Ұрыларын алдырды.
Бас садугер тұр алда
,
Хан шытынды қабағын.
– Шын ба өзi бiр арба
Тезек қарыз алғаның
?
– Алдияр хан, алып ек
,
Боран ұйтқып, азынап
,
Тоңғаннан соң жағып ек,
Қайтарамыз қазiр-ақ...
Саудагерлер елпiлдеп,
Тезек тиеп тез жеттi
.
Хан ұшып кеп,
Селкiлдеп,
Опырды екi-үш тезектi.
Сонсоң тұрды булығып
:
– Қайда?... Қайда гауһар? – деп,
Саудагерлер бүгiлiп,
Қарап қалды аң-таң боп.
Аңғарған соң мән-жайды,
Шырылдасты безектеп.
Ант-су iшiп қарғанды
:
– Алып ек жай тезек, – деп.
Сенбедi хан,
Көзiнiң
Iшi-сыртын қан басты
.
Ұрыларын өзiнiң
Өз қолымен дарға асты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу