Өлеңдер ✍️
Айналайын
Болса керек таң алды
,
Сөйтсе де әлi қараңғы.
Дағдымда жоқ бұл менiң:
Неге ояндым,
Бiлмедiм.
Жалғызбын төр бөлмеде,
Қорықпаймын мен неге
?
Қорықпасам, себебi,
Әжем жақсы көредi.
Төсегiңдi ол неге
Салды де төр бөлмеге
?
Себебi ме,
Себебi:
Сыйлы қонақ дегенi.
Үйiм менiң Семейде,
Келем мұнда кей-кейде.
Жұт деп ауыл ауасын,
Кеше әкелген нағашым
.
Бөлме iшi тым-тырыс,
Естiлмейдi бiр дыбыс
.
Қалдым ба деп керең боп,
Тың тыңдаймын елеңдеп.
Тысқа құлақ түремiн,
Суылдайды жүрегiм.
Көшеде де тым-тырыс,
Естiлмейдi бiр дыбыс
.
Түн ортасы ауса да,
Қалада iс қаншама.
Мұндай үлкен ауылда
Тiршiлiксiз бола ма
?
Тым болмаса
Бiр рет
Машина кеп гүрiлдеп,
Нан түсiрiп жатпай ма,
Дүкен шамын жақпай ма
?
Осы жаққа келем деп,
Қалдым ба әлде керең боп...
Естiмей ме құлағым
?
Келiп кеттi-ау жылағым.
Және тыңдап бағайын,
Бәлкiм,
Ауыл,
Маңайым
Толы шығар гүрiлге?..
Естiмеймiн бiрiн де
.
Құлағым-ай, құлағым,
Қандай амал қыламын
?
Боламын деп тас керең
,
Ойлаппын ба әсте мен
?
Ауылында Абайдың
Кеше екi ағайдың:
– ... Ядролық сынағың
Қиын боп тұр, шырағым.
– Тереңде оны жарады,
Бола қоймас залалы.
– Күштi дейдi бақылау,
Бiрақ бiзге жақын-ау.
Қалғандар бар керең боп,
Жазу қиын оны емдеп.
Қиын боп тұр!.. –
Дегенiн
Есiтiп мен кеп едiм.
Шу болса да жан-жағым,
Түк естiмей қалғаным
:
Сынақ өтiп жақында,
Содан келген зақым ба?..
Құстар сайрап бақтарда,
Думан құрып жатқанда
,
Елiкпесең әнiне
Өмiрiңнiң мәнi не
?
Машинадан қаптаған
Қалай ғана сақтанам
?
Естiмесең гүрiлiн,
Не болмақшы ғұмырың
?
Өскенде артып өнерiм,
Әншi болсам деп едiм
.
Үйренбесем ел әнiн,
Қалай әншi боламын
?
Оқытып ел ұланын,
Болсам деп ем мұғалiм.
Естiмесе құлағым,
Бола алам ба мұғалiм
?
Кең әлемдi шарлаған,
Елдерi жоқ бармаған
Капитаны кеменiң
Боламын ба деп едiм
?
Ұқпаса не дегенiн,
Кiмге дәрi кереңiң
?
Армандарым көп едi,
Онымнан не өнедi
?
Мылқау болып қалдым ба,
Не күтiп тұр алдымда?!
Неге менi туды анам?!
Ендi,
Ендi кiм болам?!
Осы сәтте ит үрдi,
Үнi неткен сүйкiмдi
!
Есiтiп тұр құлағым,
Қуаныштан жыладым.
Үрiп тұрған манағы ит,
Ит болғанда жаман ит
.
Мен кiргенде қақпадан,
Тұра ұмтылған Ақтабан.
Жеп қоярдай абалап,
Қорқытқан-ды ғаламат
.
Босанып ол кеткенде,
Шамам жоқ-ты тек деуге...
Мiне, сол ит қабаған
Әупiлдеп тұр манадан
.
Үре бершi, Ақтабан,
Үргенiң – нақ...
тақпақ, ән.
Неткен ғажап бұл әнiң,
Есiтiп тұр құлағым.
Күдiгiмдi сейiлткен
Айналайын сен иттен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter