Өлеңдер ✍️

  11.04.2024
  122


Автор: Сұлтан Қалиұлы

Заң қуаты

Соңында әсем із қалып,
Көкті тіреп төбесі,
Қеле жатыр бізді алып
«Қазакстан» кемесі.
Қазақстан – еліміз,
«Қазақстан» – кемеміз.
Туристерміз көбіміз,
Саяхаттап келеміз.
Теріскейді бетке алып,
Жанай жүздік жағаны.
Талай елге тоқтадық,
Көрдік талай қаланы.
Тынығып,
Сан-хуаннан
Шыққанымыз сол еді, Көріп қалдық қияннан
«Литва» атты кемені.
Ақ желкені желбіреп
Ұзап кетіп барады.
Әкем да оған
Елжіреп,
Қимастықпен қарады.
«Литва» жайын білуге
Арта түсті құмарым.
Бұл кеме
Жер тұбінде
Неге жүр? – деп сұрадым.
– Біздер құсап демалып,
Жүрген болар ел көріп, –
Деді әкем ойланып,
Толқып бір сәт бөгеліп...
Венесуэла, Панама,
Никарагуа алабы,
Кингстон мен Гавана Бәрі қалып барады.
Кеме тағы тірелді
Жағалауға,
Қарашы. Күтіп алды, міне, енді
Нью-орлеан қаласы.
Бізге келіп күнбе-күн
Қонақ болды туристер.
Кенші, дихан – бірі оның,
Бірі – ғалым, жұмыскер.
Мұрат, Бақыт ағалар
Қонақтарға ән салды.
Ұйып тыңдап балалар, Үлкендер де тамсанды.
Бірде ауырдым жөтеліп,
Ыстық өтіп, күн қағып.
– Әкем мені көтеріп,
Медпунктке кірді алып.
Біреу
Орыс тілінде Сөйлей алмай дұрыстап,
Тұр терезе түбінде Әмиян мен гүл ұстап.
Қалмап еді амалым,
Бердің жедел қол ұшын.
Қанша доллар, қарағым,


Төлеу керек ем үшін?
Күлді оған дәрігер:
– Қажеті жоқ төлеудің.
Болмаңыз құр әбігер,
Онсыз да әзір көмегім.
Біздің елде сырқатты
Ақы-пұлсыз емдейді.
Қарт таңданып тіл қатты:
Естімеп ем мен, – дейді.
Бірде әкем
Пит деген
Ағылшынмен танысты.
Сұрақ беріп күтпеген,
Біраз пікір алысты.
Айтады Пит
Жарты өмір
Жоқшылықпен өткенін.
Бітіріпті әйтеуір Дәнекерлеу мектебін.
Оның өзін
Қыруар
Ақша төлеп оқыпты.
Жарымайтын пұлы бар
Жұмысқа әзер бекіпті.
– Қашанда тоқ көңілім,
Ешкімге өкпем жоқ менің.
Жоғары оқу орынын
Тамамдадым теп-тегін.
Тартқаным жоқ өмірде
Тауқыметін жұмыстың.
Жолдамамен келдім де,
Қызметке кірістім. –
Айтса әкем осыны,
Пит мұңайып күрсінді.
Барын оның не сыры
Әкем бірден түсінді...
Алтын заңын еліңнің
Арқаланып,
Паң қарап,
Сапар шексең,
Білемін,
Сыйлайды екен шартарап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу