Эсселер ✍️

  05.04.2024
  111


Автор: Ұлттық валюта – теңге күні

Қаржыгерлер еңбектері

Тәуелсіздік алған жылдардан бері қажымастан еңбек етіп келе жатқан жандар бар, ұлттық валютамыз — теңгеге ауысып, өз ақшамыздың айналымға шыға бастағаны барлығын да ұйымдастырып, барлығының артық-кемін түзулеп, дұрыс-бұрысын жөндеп зерделеп басқарып отырған Қаржыгерлерлер бар. Олар төл теңгеміздің айналым жолындағы қиындықтары мен келеңсіздіктерін бақылып, теңгеміздің халық арасына жақсы жетуіне, жақсы айналым болып енуіне бірден бір атсалысып, бақылап отырады. Расыменде олардың жасап жатқан қызметтері үлкен жауапкершілікті талап ететін дүние. Ақша, яғни теңге халықтың қазынасы болып табылса, сол қазынаның тиісті орындарда өз тиісінше жұмсалуы осы Қаржыгерлердің арқасында екені даусыз. Олар қызметтерін аса ұқыптылықпен атқарып жүрген жандар. Өз қызметіне сәл салғырттау қарайтын болса, бір жерден қателікке бой алдыратын болса теңгеміздің тұрақтылығы нашарлауына әкеп соқтыруы мүмкін. Сондықтан әрбір істің мамандары өз жұмысына мұқият қарауы керек сияқты Қаржыгерлер де өз істеріне ат үсті қарамайтыны айқын деп білемін.
15 қараша күні Ұлттық валюта күнімен қатар Қаржыгерлер күні де тойланып, аталып өтілуде. Олардың еңбектерін бағалау әрбіріміздің парызымыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу