Эсселер ✍️
Ұлттық валюта күні
1990 жылдары Кеңес үкіметі ыдырағаннан кейін оның құрамындағы әрбір ел өздерінің айналымында жүретін ұлттық валюталарын енгізе бастады. Олардың ішінде біздің еліміз, яғни Қазақстан да бар еді. 1993 жылы 12 қараша күні елімізде Ұлттық валюта туралы жарлыққа қол қойылып, қарашаның 15-ші жұлдызынан бастап ұлттық валюта, яғни біздің теңгеміз айналымға шыға бастаған болатын. Тарих беттеріне осылай болып енген ұлттық валютамыз бүгінде Тәуелсіз Қазақстан елімен бірге жасап келеді. Ия бұл біздің ұлттық теңгеміз.
Ұлттық валюта — бұл елдің заңмен белгіленген ақша бірлігі болып табылады. Әрбір ел өзінің ұлттық валютасын енгізу арқылы өздерінің тәуелсіз ел екендігін, дербес дамуына үлкен рөл атқаратынын біле білген. Олардың ішінде біздің Қазақстан еліміз де бар болатын. Осылайша теңге елдің қаржылық Тәуелсіздігінің ажырамас символына айналып үлгерді десек қате айтпағанымыз болар.
Ұлттық теңгеміз барында, ұлттық салт-дәстүріміз бен дініміз, мемлекеттік тіл — қазақ тіліміз барында біздің Қазақ деген атымыз, Қазақ деген затымыз ешқашанда өшпейді, ешқашанда көзден ғайып болмайды. Мен оған бек сенімдімін! Ұлттық валютамыз теңгеміз жасай берсін!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter