27.03.2024
  151


Автор: Сұлтан Қалиұлы

Қасиеттi тақия

(поэма) І
Үйде көкем, анам, мен,
Әжем, iнiм – тұрамыз.
Әжеме таң қалам мен,
Өмiрi оның – бiр аңыз
.
Сиыр сауып ертеде,
Мол жиыпты қаймақты.
Мәлiм болып өлкеге,
Талай рет бәйге апты
.
Тау мен тасты аралап
,
Қой, ешкi де бағыпты
.
Еңбегiн жұрт бағалап
,
Кеудеге орден тағыпты.
Жағланда сақтаулы
Сондағы алған орденi
.
Кейде орденiн таққалы
Ашса, үңiлем көргелi
.
Әжем талай ақтарды,
Қарай берем мен әлi.
Көкемнiң де сақтаулы
Онда алтын медалi.
Көкем осы жұлдызды
Мерекеде қадайды.
Ауылдың бар ұл-қызы
Қызыға оған қарайды.
Нәрселер бар басқа да
:
Бiлезiк пе, түйме ме
.
Сақина ма, шашбау ма
,
Кестелейтiн ине ме –
Бәрiне таң қаламын,
Әрбiреуiн бағалап.
Бәрiнен де бабамның
Тақиясы ғаламат.
Бұл тақия – мұң-қайғы
,
Бұл тақия – ертегi.
Сұрай қалсаң бұл жайлы,
Әжем сыр ғып шертедi
.
«Сенiң бабаң, қарағым,
Кiсi едi зор денелi.
Сенiң қасың, қабағың
,
Көзiң соған келедi.
Сенiң бабаң, қарағым
,
Жалғыз атты серi едi
.
Бар едi ғой бабаңның
Тоқсан түрлi өнерi.

Домбырамен күй төгiп
,
Ән салатын едi ғой.
Әуенiне жұрт ерiп,
Тамсанатын едi ғой.
Өлкеге үнi естiлген
Ақын болған едi ғой.
Сескенбеген ешкiмнен
Батыр болған едi ғой
.
Ат шапқандай төсiне,
Алпамыстай күштi едi
.
Бүгiнгiдей есiмде
Сайысқа сан түскенi.
Қарсыласын жұлып ап,
Ат үстiнен аударып,
Қарағанда жымыңдап,
Тұратын жұрт таңданып.
Қайда сауық, қайда өлең,
Соңында елдiң ұл-қызы.
Жалғыз Жасан байменен
Жараспады жұлдызы.
Жан серiгi бабаңның –
Бар едi боз айғыры.
Делдитiп ап танауын,
Бермеушi едi бәйгiнi
.
Көрмеушi едiк кiсiнi
Сұқтанбаған айғырға.
Оны қолға түсiру –
Арманы едi байдың да
.
Жалғыз атты кедейдi
Қызықтырмақ боп көрдi.
– Жетi бие ал! – деп едi,
Көнбеген соң кектендi.
Тауысты бай төзiмiн,
Алыпты боз тынышын.
– Көзiн жой! – деп, – бозының! –
Жұмсапты қос ұрысын.
Сүйретiп кеп құрығын
Өлкейiктiң


бойына,
Екеуi де ұрының
Жығылыпты сойылға.
Сынып аяқ, бiлегi
,
Бiрi жатып қалса аулақ,
Қайтып кептi бiреуi
Шекесiнен қан саулап
.
Зұлымдықтың жолы аз ба,
«Бұзық» деген атқа iлдi.
Шағым айтып оязға,
Бабаңды ұстап жаптырды.
Қалды әйелi, баласы
Запа шегiп, қайғы iшiп.
Бiз болдық тек жанашыр, Тұрдық ылғи қайрылысып.
Сес көрсетiп халыққа
,
Шалқытты бай байлығын.
Мiнiп жүрдi сауықта
Алшаңдатып айғырын.
ІІ
Он алтыншы жыл...
Соғыс
Құлашын кең жайғанда
,


Өлкейiк – өзен аты.

Қиын болды күнкөрiс,
Шақыртты елдi майданға.
Арқалады ауыр жүк,
Қалды жұрттың сүлдерi.
Қайғыланды абыржып,
Не iстерiн бiлмедi.
Қиямет бiр күн туды,
Жарлы, жалшы тағы арып.
Болыс, билер құтырды
Көрiнгеннен пара алып.
Құптап патша жарлығын
Қол қойғандар кеттi үдеп.
Жас баласын жарлының
Жазды «жасы жеттi» деп.
Жасы асқан жалшының
Жазды жасын кемiтiп.
Елге түсiп бар шығын
,
Әскерге алды тоғытып
.
Iлiнбедi кiрпiгi,
Халық жиi топтанды.
Тұтқиылдан бiр күнi
Абыр-сабыр боп қалды
.
Қол жинаған ел үшiн
Амангелдi хабары
Дүрлiктiрiп ел iшiн,
Лезде ауылға тарады.
Жұрттың кегiн өршiтiп,
Жеткенде сол дүрбелең,
Бабаң мұны есiтiп,
Қашып келдi түрмеден
.
Келгенменен, мұнда түк
Тоқтамады, тұрмады.
Бай үйiнен түн қатып
,
Өз айғырын ұрлады.
Қамшы басты атына,
Тастап шықты Тосынды


.
Сол кеткеннен батырға
Қару ұстап қосылды.
ІІІ
Қошалақта


жатқанда
Толарсақтан құм кешiп,
Соққы бердi ақтарға
Батырменен бiрлесiп.
Айтса аңыз ғып ел ұлын,
Жүздерi бiр нұрланып
,
Талай ғажап ерлiгiн
Бiздер ұйып тыңдадық
.
Бiр күнi ауыл кешкілiк
Азан-қазан боп қалды
.
Бiр топ атты көсiлтiп,
Тасырлатып кеп қалды
.
Ерттегелi құнанын,
Аулада бай тұр едi.
Байқап қалып бұларды
,
Суылдады жүрегi.
Елден көмек күткендей
Алақтады көздерi.
Тосын – жер аты. Қошалақ – жер аты.

Қалшылдады түк көрмей,
Ұстағандай безгегi.
Болмас дедi кешiрiм,
Көз алдында тұрды өлiм.
Тарс жапты да есiгiн
,
Iлiп алды iлгегiн.
Жалбағай салт аттылар
Басқа үйге соқпады.
Атаққұмар, баққұмар
Бай үйiне тоқтады.
Қабақ түйiп, сұстанып,
Түсе-түсе қалысты.
Бұйрықтарын қысқа алып,
Иектерiн қағысты.
Көк есiктi сыр бүккен
Теуiп қалды дәу етiк
.
Бабаң он бiр жiгiтпен
Кiрiп барды сау етiп.
Көзiн басып қолымен
Бай бұрышқа бүгiлдi.
– Өлтiрмеймiн сенi мен,
Тұр! – деп бабаң бұйырды. –
Кетем айдап малыңды,
Лайық едi ит өлiм.
Қидым бiрақ жаныңды,
Бiрге өскен ит едiң
!
Сөйттi де ол Жасанға
Жұмсаған жоқ жұдырық
.
Ашуын тек баса алмай,
Шығып кеттi бұрылып.
Өзi үшiн, жұрт үшiн
Келiп едi кек қайнап
.
Шұрқыратып жылқысын
Жасақтармен кеттi айдап.
ІV
Бүкiл Торғай жерiнде
Дүр сiлкiнтiп даланы
,
Жетiп жатты кейiн де
Талай-талай хабары..
.
Бiр күнi жау жалаңдап,
Жендеттерiн жын ұрды
.
– Барыңдар! –деп, – алаңға! –
Үйден-үйге жүгiрдi.
Қайғы басты қаланы,
Бүкiл халық кектi едi.
Жұрттың түсiп қабағы
,
Түрме жаққа беттедi.
– Салды-ау бұлар бүлiктi,
Тез жетейiк, кеш болар,
Қолға түскен жiгiттi
Дарға асады, – дестi олар.
Жетегiнде анамның
Жүгiрiп мен келемiн.
«Кiм?» деп ойға қаламын
Жұрттың «тұтқын» дегенiн.
Торыққанда осылай
Сардар келiп қалар ма ед,
Бұл сұмдардан шошымай,
Қолға қару алар ек.

– Талай-талай қыршындар
Көзiн жұмды-ау арманда.
Күте тұрсын бұл сұмдар,
Қарап жатпас сардар да.
Кемпiр-шалдар келедi
Бiрiн-бiрi растап.
Билейдi үрей дененi,
Тыңдаймын мен құлақ сап.
– Бiлдiң бе сен, әй, Темiр,
Аты-жөнi кiм дейдi
?
– Сарбаз дейдi, әйтеуiр,
Атын ешкiм бiлмейдi.
– Сен де сонда болдың ба
?
– Жоқ, көршiмiз көрiптi.
– Айтшы, өзi ол мұнда
Неменеге келiптi
?
Байқамай ол жан-жағын,
Кездескен ғой ақтарға.
Бiлмеп пе екен жау барын,
Қалай түскен қақпанға
?
– Қанша әскер бар, бiлуге
Барлау жасап келiптi
.
Атын байлап, iңiрде
Аула iшiне енiптi.
Жаудың қару-жарағын
Тегiс санап алыпты.
Қайтар кезде қарауыл
Оны байқап қалыпты.
Жауды оятып қаптаған
,
Тез дабылын соғыпты.
Қарғып түсiп қақпадан,
Атына ол қоныпты.
Жау айғайлап, шуласып,
Тұндырыпты құлақты.
Кеткенде ол қыр асып
,
Өкшелептi кiл атты.
– Ұстарсың! – деп түйiле,
Оқша зулап ағыпты.
Байқамай бай үйiне
Жақын келiп қалыпты.
Үйден де өтсе сәл ұзап,
Оқ тиiптi атына.
Айдалада жалғыз қап,
Ұсталыпты қапыда. V
Жиылды жұрт алаңға
Тұс-тұс жақтан ағылып.
Жатқан кiсi қамауда
Кiм екен деп аңырдық
.
Ширатылды өш пен кек
,
Құрулы тұр дар ағаш.
Әкелдi оны қос жендет
Белуардан жалаңаш.
– Бiр жақ көзi таңулы
,
Кiм өзi бұл!?
– Бәсе кiм
?
Ақыры жұрт таныды,
Бабаң екен ол сенiң.
Тұра ұмтылды бiр уақта
Бiр жас бала iлгерi.
Жiбермедi бiрақ та,
Жендет ұстап тұрды оны.

Тоқтатты да бабаңды,
Төре соңғы сөз бердi
.
Қатулы едi қабағы, Бабаң ендi өзгердi.
Қарады ол жер-көкке,
Аңсағандай ұшуды.
Сосын шешiп,
Жендетке
Тақиясын ұсынды.
Көздерiнен төгiп от,
Тамағын сәл кенедi.
– Балам кисiн! – дедi тек,
Басқа ләм-мим демедi
.
Жендет оны бүктедi,
Қол бұлғады тобырға.
– Ей, баласы,
Шық берi,
Тақияны ал, кел мұнда
!
Бала тағы жұлқынды,
Жандармдар жiбердi.
Әкесiне ол ұмтылды,
Бiр құшақтау – тiлегi
.
Жолдан оны бөгедi
Тақия алған қу жендет.
Жас бала боп керегi,
Ұстай алды бүгжендеп
.
– Баласы! – деп, – жауыздың! –
Жыбырлады беттерi.
Тұншықтырып, ауызын
Тақиямен кептедi.
Дiр еткiзiп жер-көктi,
Бабаң оған зекiрдi.
Қасында екi жендеттi
Екi жаққа екi ұрды.
Сұмдар қарап қала ма
,
Жеттi бәрi жүгiрiп.
Содан соң-ақ бабаңа
Төпеп кеттi жұдырық.
Бiрiн-бiрi кимелеп,
Соқты iшке, басқа да
.
Тiстелеп жүр:
– Тиме! – деп,
Бiр жендеттi жас бала.
Жау аларып қарады:
– Көрейiн, – деп, – күшiңдi! –
Бiр теуiп қап баланы
Домалатып түсiрдi.
Жатты бала түк үнсiз
,
Таусылды елдiң шыдамы.
Алға ұмтылды тынымсыз,
Дүрлiгiстi, шулады.
Жандармдар тежедi,
Жiбермедi халықты.
Өртенiп жұрт өзегi,
Шарасыздан қамықты.
Бабаң сансыз қорқауға
Қалай қайрат қылады?!
Жабылған соң,
Ортаға
Етпетiнен құлады.
Сұм жендеттер алқына
Жағасына жармасты.
Қолын байлап артына,
Тұзақ салып дарға асты...

Батты жұртқа қара өлiм,
Жанарларда жас тұрды
.
Биiк едi жаны оның,
Биiкте жан тапсырды».

Осыны айтып, ойланып
,
Қалады әжем отырып.
Кек пен ыза бойды алып,
Қиналам мен өкiнiп.
– Құлаған соң, өлдi ме,
Жайын айтшы баланың.
– Ол бала ма
?
Ол – мiне,
Сенiң атаң, қарағым.
Нұсқайды әжем суреттi,
Сосын қолға алады.
– Бiр кiсi үлкен жүректi
Сақтап қалды баланы.
Жендеттердiң қолдарын
Қағып-қағып өттi де,
Сұлық жатқан баланың
Су бүрiктi бетiне.
Өстiп есiн жиғызды,
Қарап қалды бар адам
.
Тақиясын кигiзiп,
Алып өттi арадан...
Тершiп мұрын тартамын,
Жиi тыныс алып мен.
Суретiне атамның
Үңiлемiн байыппен.
«Мiнiп алған атына
Атам күле қарайды.
Басында осы тақия,
Көзiнен от тарайды».
Есiме ылғи бұл сурет
Түсiредi хаттарды.
Әрбiрiнiң сыры көп,
Бәрi мұның сақтаулы.
Атам жазған, бiлемiн
,
Осыншама мол хатты.
Iшiндегi бiреуiн Жолдастары жолдапты.
Көмегiмен апамның
Оқып алғам ол хатты.
Командирi атамның
Атам жайлы толғапты.
Бiрде лезде тегiс жер
Астан-кестен болыпты
.
Мол күшпенен немiстер
Тықсырыпты полкті.
Командирлер кiжiнiп,
Күйiнiптi қайнап iш.
Қалса керек үзiлiп
Штабпенен байланыс.
Қара түнек көк пен жер,
Көп-көп бомба түсiптi.
Жалғау үшiн кеткендер
Жетпей оққа ұшыпты.
Жүдептi жұрт бiр ауық,
Жанарларда мұң тұнып
.

Сол кезде өзi сұранып,
Шығыпты атам ұмтылып
.
Үзiк жерден сәл жырақ
Жарылыпты снаряд.
Ұйып қапты қансырап
Екi қол мен бiр аяқ.
Сонда да атам ешкiмдi
Күтпей алға аунапты.
Жетiптi де, қос сымды
Тiсiменен жалғапты..
.
Тың күш келiп соңынан,
Полк алға басыпты.
Тұра салып орнынан,
Фашист бiткен қашыпты.
Жауды қуып иiре,
Атама тез жетiптi ел
.
Сым тiстеген күйiмен
Жан тәсiлiм етiптi ол...
Бiраздан соң таңданам
Және сұрақ берiп мен
:
– Сiз әжемсiз, ал бабам
Маған баба нелiктен
?
Сөздi әжем алыстан
Орағытып бастайды.
Сөйтiп бiздi жанышқан
Мұңды серпiп тастайды.
– Жауындатып, селдетiп,
Сан көктем, сан күз келдi.
Өжет бала ер жетiп,
Тағдыр қосты бiздердi.
Сол бiр қиын күндерде
Егiз гүлiм бiр өстi.
Ұлды аңсап жүргенде,
Көкең келiп iлестi.
Шаттық кернеп даланы
,
Ұмытқанда бiз мұңды,
Түсiп күннiң қабағы,
Әлем кенет бұзылды.
Тағдыр өртiн жайды алға,
Қырғын соғыс басталды.
Алдыменен майданға
Алып кеттi жастарды.
Қиын кезең туды елге
,
Сиредi жұрт қатары.
Көкең қаз-қаз жүргенде,
Алып кеттi атаңды.
Көз жазбай бiр сәт алдан,
Кештiк ауыр көп күндi.
Келер жылы атаңнан
Қара қағаз кеп тидi...
Батты маған осы өлiм
,
Қайғы бұлты төндi үйге.
Жатып қалдым неше күн
Қозғала алмай мен мүлде.
Бұл бiр келген әлемге
Алапат қой, шырағым.
Қайғырғанмен амал не
,
Лажсыздан шыдадым.
Осыдан соң көңiлдi
Босатпауға тырыстым.

Бекем буып белiмдi,
Қайта iске кiрiстiм.
Көксау әйел атандым,
Ойламай жан күтiмiн.
Болса да ауыр
Атаңның
Сөндiрмедiм түтiнiн.
Жоғалтып ап атаңды,
Күнiн көрдiм жесiрдiң.
Көкең мен қос апаңды
Өстiп жүрiп өсiрдiм.
Өстiп жүрiп
Аяғы,
Тұтқиылдан бақ қонды
.
Алма бақтай саялы
Сенiң анаң тап болды...
Қуантқалы, құлыным,
Содан кейiн сен келдiң.
Менiң бүйтiп жүргенiм –
Қызықтарың сендердiң
.
Батыр болған бабаңның
Кiм екенiн бiлдiң бе
?
Сенiң түрiң, қарағым
,
Ұқсайды оның түрiне.
Әжемнiң бұл сөзiне
Қуанып мен қаламын.
Елестетем көзiме
Бабамның қас-қабағын
.
Көз алдыма атама
Ұқсайтын зор денелi,
Қабағында қаһар бар,
Алып кiсi келедi.
Батыр болу қиын-ақ,
Көз тастаймын айнала
.
Қабағымды түйiп ап,
Үңiлемiн айнаға...
Ашуланған адамдай
Бедiрейiп қаламын.
Жай кiсi емес,
Бабамдай
Батыл болу – қалауым.
Жатқаннан соң кешке де,
Ұзақ ұйқым келмейдi.
Алаңдатпай ештеңе,
Тәттi қиял тербейдi...
Кеш тұрсам да анамнан,
Ерте тұрам iнiмнен.
Қарғып шығып ауладан
,
Үйдi айнала жүгiрем.
Көтерiп ап қозымды,
Қырға шығып шынығам.
Аямаймын өзiмдi,
Тастай суға жуынам.
Содан кейiн кiмiңмен
Күрессем де жығамын.
Өскеннен соң түбi мен
Батыр болып шығамын.
Өйткенi ұрсаң шыбықпен,
Жыламаймын ешқашан.
Қоямын тек күлiп мен
,
Болғаны сөз қоспасаң
.

Кiсiдей түк сезбеген
,
Тұрам сәл-пәл қызарып.
Кейде бiреу сөзбенен
Жылатады ыза ғып.
Жиренiп мен кетемiн
Оның лас сөзiнен.
Тез әжеме жетемiн,
Жас моншақтап көзiмнен.
Қалай шыдап тұра алам,
Қоя берем еңкiлдеп.
Сұрамайды бiрақ ол
– Неге жылап келдiң
? – деп.
Тыңдамайды сөзiмдi,
Аяп құлақ аспайды.
– Тәйт! – деп қайта өзiмдi
Жасқап тыйып тастайды.
Шапалаққа шақ қалып,
Түйiледi қабағы.
Жағаланды ақтарып,
Тақияны алады.
Мiнезi де бiр қызық,
Булығады ашуға.
Ерiнiне тигiзiп,
Кигiзедi басыма.
Өксiгiмдi мен демде
Баса қоям тiстенiп.
Осы сәтте кеудемдi
Кетедi бiр күш керiп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу