27.03.2024
  124


Автор: Сұлтан Қалиұлы

Мысық пен Іргебек

«Ғылым қызық iстердi
Пайымдайды:
Мысық көзi
Түстердi
Айырмайды.
Түктi кiлем түрiндей
Төңiрегi
Ақ-қара түс фильмдей
Көрiнедi.
Олар үшiн
Көгiлдiр,
Көк те қара,
Жемiс-жидек, егiн, гүл,
Шөп те қара...»
Дегенiне көкемнiң
Таңданып ем,
Соның рас екенiн
Аңдадым мен.
Өрлеп жиек жолменен
Өрге бiрде,
Кең көшеге көлденең
Келгенiмде,
Жоғарыға
Күн салып
Қарағам-ды,
Бағдаршам тез қызарып
Жана қалды.
Тура келдi маған да
Аялдауға.
Тұра қалды табанда
Жаяулар да.
Ал бiр мысық
Тосылмай
Өте бердi.
Түстi айырса,
 Осылай
Етер ме едi
?
Әрi қарай тағы да
Өрледiм де,
Нан дүкеннiң жанына
Келгенiмде,
Жоғарыға
Күн салып,
Қарағам-ды,
Бағдаршам тез қызарып
Жана қалды.
Тура келдi маған да
Аялдауға.
Тұра қалды табанда
Жаяулар да.
Иығымен кимелеп
Тұрғандарды,
Арасынан Іргебек
Сумаңдады.
Қызыл шамға тосылмай
Өте бердi.
Түстi айырса,
Осылай
Етер ме едi
?
Түрлi түсiн нәрсенiң
Айырмаса,
Мысықтардан қайсы оның
Айырмасы
?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу