Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
26.03.2024
68
Шопан
Қарап тұрдым төбені,
Көзбен шолып абайлап.
Бақсам, Дауыл келеді,
Хабарладым айғайлап.
Атасының орденін
Тағып апты бұл нағып?
Неге бұлай келгенін
Жапырласып сұрадық.
Ел аузынан түспеген
Атасы оның шопан-ды.
Сайысқанда қыспенен
Сақтап қалған отарды.
Дауыл да алғыш бәйгіні
«Атам болам» деп кепті.
Атасындай әйгілі
«Шопан болам» деп кепті.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter