Тақпақтар ✍️
Шаштараз
Бастағанда бiз ойын,
Төлен үйге кеткен-дi
.
Бал-бұл жанып жүзi оның,
Мәз-мейрам боп жеттi ендi
.
– Мiне – қайшы, тарағым,
Қай жүйрiгiң кел берi
.
Шаштарыңды аламын,
Шаштарызбын мен, – дедi
.
Бар баладан бұрын кеп, Тiзе бүктiм қасына.
«Шаштаразым» күлiмдеп,
Қарай бердi басыма. Iсiне таң қалмас кiм,
Құралдары, сай бәрi...
Бұтағына ағаштың Iлiп қойды айнаны.
Чемоданын ашты да,
Бүркуiш пен әтiрiн
Айнасының астына
Әкеп қойды ақырын.
Содан кейiн алды да
Бүктеулi ақ жайманы,
Тұтас жауып алдыма,
Мойынымнан байлады.
Сипап тұрып басымды:
– Ну дауа бар қысқаға,
Алу қиын шашыңды,
Керек, – дедi, – ұстара.
«Ұстара» деп ағашпен
«Ала берер» деп едiм,
Ойнап жүрсем алғаш мен,
Ойнамапты Төленiм.
Шын ұстара жалт еттi
,
Байқап қалдым айнадан.
Аяғымнан әл кеттi
,
Салдым бiрден байбалам.
Тұра қаштым орнымнан
,
Жидым да тез есiмдi
.
Тым-тырақай
Соңымнан
Бүкiл бала жосылды...
Бақыладық отырып,
Басынан бiз төбенiң.
Ойнай бiлмей опынып,
Жалғыз қалды Төленiм.
Бар өнерiн салса да,
Зая кеттi еңбегi
.
Шақырса да қаншама,
Қайтып ешкiм келмедi
.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter