Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.03.2024
309
Айлы түн
Қалдырмашы тастамашы жалғызда
Құшағыңа қысып алшы сағына
Алаулаған ерініңді тигізші
Мендегідей мұз болып қатқан санама
Қолмен қолды жібермейік ұстайық
Ромео мен Джульеттаға ұқсайық
Жанып тұрған сезімді біз көрсетіп
Ерініміз тиген кезде мұз тайып
Балқып кетер өне бойың қалықтап
Шын сүйгенің жүрсе егер шарықтап
Бар өмірдің қызығыда сезімде
Балдай тәттің тиіп кетсе денеге
Біз екеуміз барамыз ау ұзаққа
Мен бар кезде сен ешкімге қарама
Сен бар кезде мен өзгені ойламайм
Сен бар кезде мен ешқашан құламайм
Жанарымыз тоғысқанда алыстан
Жұлдыздарда құлағанда аспаннан
Айлы аспанда ай жарығы жанып тұр
Біз екеуміз түні бойы сырласқан
Сен ұнатқан гүлдеріңде осында
Мен ұнатқан құлпырған гүл жанымда
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter