Өлеңдер ✍️

  25.03.2024
  166


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Басқа адам

Сен басқасың менде мүлде басқамын


Ол кездері өз-өзімнен жасқандым


Фотодағы мен ғашық болған жас ару


Қазір мүлде өзгергенсің басқасың


 


Білетіндей махаббаттың бар сырын


Жүріппіз-ау көңіл толы шаттық үн


Енді қазір қараймында өзіңе


Сағынамын сол баяғы ғашығым


 


Өзгеріпсің танымастай басқасың,


Елемейсің қалай бәрін тастадың.


Ғашық болған фотодағы жас ару,


Көзқарасың жанарындай басқаның.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу