Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.03.2024
124
Асыл алқам
Сен сыйға тартқан асыл алқа,
Мойынымнан үзілмес басым барда.
Өмірімнен артық қойған жарты алқа,
Ешқашан айырылмас көзім барда.
Тоғыспаған махаббаттың тармақтарын,
Дәлелдеді сол алқа амалдарын.
Мен білмеймін дәл қазір жаныңда ма?
Мүмкін жатыр тот басып шамаң қанша?
Екеумізде бірдей болған алтын алқа.
Мені сонша тебірентті өзің жоқта,
Өмірімнен биік қойған асыл алқа.
Сен үшін жәй бір темір болғаны ма?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter