Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.03.2024
405
Ғашықпын
Жүрек деген қазынаның ішінде,
Талай жырым өшіп кетті-ау ізіде.
Басқа қыздар өлең болса шумақты,
Сен менің поэмамсың қымбатты.
Басқалары жұлдыз болса арайлы.
Сен Ай болдың шуақ шашып қарайды,
Неге сенің шашың құрлы болмадым.
Күнде сәндеп аймалап бір тарайтын.
Жаңбыр болып сіңіп кеттік екеуміз,
Жерге жетпей жоғалғандай сертіміз.
Жапалақтап неге қар болмадым,
Ерініңе тиетіндей еріксіз...
Қап-қара түн қайғысы ауыр қыз мұңы.
Іздейтінің бола алмадым қызығы,
Қараңғы түн түнектердің ішінен.
Сенің көзің көрінбейді ендігі...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter