Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.03.2024
220
Белің-,ай
Баурап алар сендегі тәтті иіс,
Құлпынайдай тартады ерке сылқым.
Үзілердей белдерің сондай нәзік,
Ұшып кетем аспанға қанша тырыс.
Құлпынайдың дәміндей қандай балғын,
Көз қарасың қуратады жанның мауқын
Мұз болған жүректі жібітетін...
Көзің сенің, белің-ай, сөзің сенің.
Қыпша белің иісің-ай есіп едің,
Сыңғырлатып жанымда болсын дедім,
Қалайтыным тек біреу өмірімде.
Құлпынайдың иісіндей болсын дедім
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter