Өлеңдер ✍️

  25.03.2024
  264


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Өзге үшін

Өзге үшін жаралдың маған емес


Қоштасу үшін кездестік тағы біздер


Жүрегің қаламады мендей жанды


Кетер емес қоштасқаның көңілден еш


 


Мені емес басқасын сен таңдадың


Маған қайта оралмай ұмытқаның


Өміріңнің бөлігіне сыя алмай...


Қоштасудың қиың-ай тым ауыр-ай


 


Қай бір күзде мен сені жолықтырдым


Міне көктем өзіңнен айырылдым


Сәл ертерек екеуміз жолықпаппыз


Бірақ тез екеуміз қоштасқанбыз


 


Жүрек деген барлығын ұмыта ма?


Қалайды ма өзгені сенен басқа?


Сенен кейін ешкімге сене алмай


Қоштасудың қиыңына төзе алмайм


 


Қоштасу үшін кездесіппіз біз екеуміз


Тым бөлекпіз екеуміз тым басқамыз


Сай келе алмай мен саған теңің болмай


Қоштасудың қиын-ай ауырын-ай...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу