Өлеңдер ✍️

  25.03.2024
  188


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Өзім Жайлы

Өзім жайлы айтайын қызық болса,


Өлі жүрек сөздерін тыңдай алсаң .


Біз енді өлмейміз өлтірсеңде...


Тірі өліктің жүреміз күнін кеше,


Шешеден жат болып,


Әкеге бөтенбіз...


Біз енді өлмейміз мың рет тірілсекте,


У-ға толы миыммен арпалысқан.


Қасық қаным қалғанша шыдай алған,


Себебі біз өлмейміз екінші рет.


Тірі өлік боп өмірдің күнін кешкем.


Қанаттымнан айырылып қиналмаған,


Сен менен не сұрайсың? қайран қалам.


Түсінбеген пендемін мен шындықты ,


Тек қана қателікті көп жасаған,


Тағдырдың айдауымен арпалысқан.


Мен енді тірі өлікпін алып ұшқан,


Қанша рет өлтірсеңде тірілемін,


Себебі мен баяғыда өліп қалғам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу