Өлеңдер ✍️

  25.03.2024
  224


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Осы өлең соңғысы...

Әр кезде қалам ұстап жыр жазарда,


Өз өзімді сендірем соңы барда,


Тоқтатамын осыдан өлеңді деп.


Өз өзімді жұбатам жүрек барда.


 


Сені ұмытпай өлеңім өлмейт екен,


Тастай алмай жоғалтпай кетпейт екем,


Сені ұмытып басқаға барғаныммен,


Шынайы бақытты болмайт екем.


 


Өлең өлмейт жүрегім жаралы да,


Сезім кетпейт көздерім ашылғанда.


Міне тағы отырмын өлең бастап,


Өз өзімді алдаумен таң атыра.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу