Өлеңдер ✍️

  25.03.2024
  98


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Бір жылда

Барлығы өзгеріпті бұл қалада.


Бұл аяулы ыстық саябақта,


Біз екеуміз таң атырған Алматыда,


Барлығы өзгеріпті бір-ақ жылда...


 


Қосылыпта өзгеріпсің өзгеменен,


Өзге біреу бақыт беріп үлгерген,


Танымастай айбын шашып мінезің.


Бір-ақ жылда құтылыпсың сен менен.


 


Қасыңдағы қаңыраған қарғадай.


Жүр екенсің махаббатты амалдай,


Қадіріде кетіп мына сезімнің,


Бір-ақ жылда өзгеріпті көздер-ай.


 


Бәрі-бәрі бақытты айналада


Көздерімді ашатын адам барма?


Қу өмірмен арпаласып жүргенімде


Бәрі-бәрі өзгергенін білмегембе?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу