Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
24.03.2024
90
Жарыс
– Дайындал! – дедi қатқыл үн,
Тұра қалдық топ бала...
Қолын бұлғап жатты iнiм:
– Кәне, зула, тоқтама!
Башпайыммен шаң iлiп,
Топтан озып барамын.
Мөлдiр моншақ жамылып,
Жұлдыздайын ағамын.
Шақырады алыстан,
Жанкүйер боп менi әркiм.
Құрысын-ай жарысқан,
Келедi бiр демалғым.
Сәл бұрылсам,
бiр жүйрiк
Жетiп қапты қасыма.
Қайта қызып, кiжiнiп,
Алға ұмтылам асыға.
Аялдасам, қалар ем,
Соңымда ендi барлығы.
Жарыса өттiм мәреден,
Iлестiрiп әлгiнi.
Көрсеткендей сонша өнер,
Қол соғады барша адам.
Өкшелесiң болса егер,
Қызық-ау, озып шаршаған!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter