Тақпақтар ✍️
Дауыл мен ауыл
Бiр топ бала көлге ерте
Келдiк қармақ, дүрбi алып.
Қысқарды көп көлеңке
,
Қаппай қойды бiр балық.
Қалтқымыз бос жыбырлап,
Шыдай алмай қозғалдық.
Қарын деген шұрылдап
,
Ауыл жаққа көз салдық.
Өз жайына көл қалып,
Барады ұшып қырғауыл.
Көк сағымға оранып,
Көз ұшында, тұр ауыл.
Тамағымыз құрғады,
Соқты аңызақ жел ыстық.
Түспеген соң бiр балық,
Шомылуға келiстiк.
Қайнатады миыңды, Нақ төбеден күн күлiп.
Сыпырып бар киiмдi
,
Иiрiмге сүңгiдiк.
Әрi-берi малтыдық,
«Доп» ойнадық бiрауық.
Шаршаған соң алқынып
,
Құмға келiп құладық.
Құмның ыстық аптабы
Денемiздi қыздырды.
Дауыл ғана жатпады,
Жағалауды iз қылды.
Көз тастадық тынып сәт,
Тамашалап Дауылға.
Капитанша дүрбi ұстап,
Қарап тұр ол ауылға.
Күйдiргендей күн үстiн,
Кенет бұрды иығын.
Тастай салып дүрбiсiн,
Киiп алды киiмiн.
Неге ерте кигенiн
Сұрап едiк бiлгелi
:
– Әктеп жүрген үйлерiн
Айгүл қарап тұр! – дедi
.
Қызарып тұр Дауылдың
Бас, шекесi, құлағы.
Сонда көзi Айгүлдiң
Дүрбiдей ме қырағы?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter