Тақпақтар ✍️
Бұлт деген не?
Жолға кетпей есемiз,
Ауылға тез жетуге,
Келiскенбiз кеше бiз
Ұшақпенен кетуге.
Таңертең,
Күн
Жүзiнен
Нұры тамып тұр едi,
Ұзамай-ақ бiз үйден,
Бұзылды тез реңi.
Айғыздалып көк демде,
Бұлт торлады аспанды.
Әуежайға жеткенде,
Қара нөсер басталды.
Сәлден кейiн
Сұйылып,
Ақ жаңбырға ұласты.
Қабақ бiткен түйiлiп,
Көң
iлдердi мұң басты.
Тұрған кiсi жанымда
Көкем жаққа қарады.
– Осындай ақ жауында
Ұша алсақ жарады.
– Сөз дейсiз бе соны да,
Жаңбыр бөгет болмайды.
Тұман қиын қонуға,
Жолаушы үшiн сол қайғы.
Ашық болса барар жер,
Жолымыздың болғаны.
Тұман болса ал егер,
Онда iсiмiз оңбады.
Сол сәтте бiр қыз келдi,
– Жүрiңiздер! – дедi елге.
Отырғызды бiздердi
«Ан-24» дегенге.
Сәл тұрды да гүрiлдеп,
Жүгiрдi ұшақ-самолет.
Сiлкiнiп ап бiр рет,
Ұшып кеттi әуелеп.
Тiлiп өттi бұлтты,
Жарқ етiп күн көрiндi.
Бiр серпiлтiп жұртты,
Алтын сәуле төгiлдi.
Қарсы желге қасқайып,
Ағызып бiз келемiз.
Астымызда – ақша бұлт,
Тұңғиық көк – төбемiз.
«Кейде мөлдiр ауаны
Бұлт келiп жабады.
Жаңбыр бұлттан тамады,
Қар да бұлттан жауады.
Ал бұлт не
?» – деп
Таң болып,
Бас қатырып жүр екем.
Бұлт –Жаңбыр мен қар болып
Жауатұғын бу екен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter