Тақпақтар ✍️
Әлмағанбет бауы
Тұрамын мен, бауырым,
Сендерден тым шалғайда.
Құм ішінде – ауылым, Ыңғайлы жер мал-жайға.
Айнала маң – құм белдер,
Құм тебелер жетеді.
Сырын білмей жүргендер
Адасып та кетеді.
Сағым ойнап жөңкиді,
Қарап тұрсаң алыстан.
Нақ теңіздей толқиды
Толқындары жарысқан. Жүрген сайын соңында,
Қалады ізің көміліп. Оңыңда да, солыңда
Бел тұрады көрініп.
Төбе-төбе құм белдер
Бір-бірінен аумайды.
Құмның сырын білгендер
Адаспай аң аулайды.
Шыға қалсаң атпенен,
Ор қояндар қашады.
Топ-топ болып ақбөкен
Қырдан бір-ақ асады.
Сен де асасың сан белден,
Сан қызыққа кенеліп. Өткен сайын әр дөңнен,
Жол іздейсің бөгеліп.
Әбден шаршап,
Ақыры
Шыға келсең бір дөңге, Үйлері ақ шатырлы
Жатады ауыл іргеңде.
Зердеңе әбден түйіп ал,
Айналасы – жоса қыр,
Он бес шақты үйі бар,
Біздің ауыл – осы ауыл.
Мыңғырған мал көресің,
Қарай қалсаң қырларға.
Қелсең, бізге келесің,
Басқа ауыл жоқ бүл маңда.
Оң жағында ауылдың
Құдық көзге түседі. Бүкіл ауыл, бауырым,
Осыдан су ішеді.
Төбесінде – мұнара,
Суы – шипа, дәмі – бал. Дәл жаныңда ырғала Өсіп тұрған бағы бар. Әніне түр құлақты, Қөркіне көз салып өт.
Атайды жұрт бұл бақты Әлмағанбет бауы деп.
Қандай дәмді бұл бақтың
Шабдалысы, шиесі.
Міне, осындай жұмақтың
Жас ұландар иесі.
Әлмағанбет деген кім,
Бәлкім, соны сұрарсың.
Көрші ауданда ол менің
Тұратұғын құрдасым.
... Арғы күзде жеті күн
Болып қайтқам қалада.
Содан бері екі жыл Өте шықты арада.
Сол жолы мен барып ем,
Облыстық көрмеге.
Ел көп екен бәрінен
Көкөністі бөлмеде.
Ортаға алып шулайды
Куақы бір баланы. Түрлі сұрақ сұрайды,
Таңдайларын қағады.
Қарсы алдында баланың
Тұр кеседей помидор.
Қызыға мен қарадым, Көрсеткенде алып ол.
Сөйлегенде шешіле,
Мақтан көрдім өңінен.
Помидорды өсірген
Осы бала-ау дедім мен.
Помидордың салмағын
Қерек екен білуім.
Ауылға айтып барайын, –
Деп, жазуға үңілдім.
Еңбегіне ырзамын,
Бала өнері артыпты.
Сол помидор бір жарым
Килограмм тартыпты.
Енді өзімен баланың
Келді біраз сейлескім. Күттім елдің тарауын, Бөлмеуі үшін ойды ешкім.
Сол жолы оны көріп ем,
Достасып ем танысып.
Содан бері онымен Тұрамын хат алысып...
* * *
Елсіз еді осы маң, Бүрын ешкім болмаған.
Біздің ауыл осыдан
Бес жыл бүрын орнаған.
Білмей кепті ағашты
Біздер келмей түрғанда.
Біз екенбіз алғашқы
Ағаш еккен бүл маңға.
Кейде еске аламыз,
Коныс тепкен кездерді.
Бірде Алмас ағамыз
Жетекшіге сөз берді.
Сөйлеп кетті ол желпініп,
Ұшқын атып көзінен.
Куат алып елтідік
Оның әрбір сөзінен.
– Осы маңға құрып шеп,
Ағаш ексек не етеді?
Барлығымыз біріксек,
Қайратымыз жетеді.
Тұрсақ күнде суарып, Шелекпен су тасып-ақ,
Екі-үш жылда ырғалып,
Жайқалмай ма жасыл бақ.
Отырғызып көреміз.
Қара ағашты әуелі.
Содан кейін егеміз
Ағаштарды мәуелі...
Балабектің Әлені
Отыр еді құр қарап,
Естігенде мәуені,
Қоя берді «уралап».
Алақандар шартылдап,
Қуаттадық біз де оны.
Балалардың лапылдап
Бал-бұл жанды жүздері.
Жетекші қыз отты, өжет
Алып келді жас талды.
Орнатылды көп көшет,
Қызу істер басталды.
Ертелі-кеш күніге
Жетекшіні басшы ғып,
Шыбықтардың түбіне
Шелекпен су тасыдық.
Жаңбыр жаумай,
Шаң ұшып,
Жетті ауыл көктемі. Жүзгендермен жарысып,
Шыбықтар да көктеді.
Келер жылы бағымыз Бүрынғыдан кеңіді.
Танданысты аулымыз,
Артты бізге сенімі.
Тіктік көп-көп шиені,
Отырғыздық алманы.
Шет-шетке ектік жидені,
Ішке егілді шабдалы.
Суды тасып күнбе-күн,
Бақты күттік дүрмекпен.
Уақыт өтеп міндетін,
Тағы жетті бір көктем.
Әлі аласа болса да,
Қос алма ағаш гүлдеді.
Қуанғаны соншама,
Не істерін жүрт білмеді.
Май өткен сон, маусымда
Жабырқады балалар.
Піспей,
Ағаш қасына
Түсіп жатты алмалар. Құрт шықты ішінен
Түскен әрбір алманың. Сұрадық көп кісіден Құртты жою амалын.
Емін таппай қиналдық,
Қорғайтұғын ағашты.
Ересектер жиналып, Өзара көп дауласты.
Агроном Бегалы
Бір дәріні мақтады.
Қандай дәрі, не дәрі,
Атын бірақ айтпады.
Талдарды ерте көктемде Дәрілеген жөн еді.
Өкінгенмен өткенге,
Жоқ қой енді көмегі.
Жайлап алға шықты да, Сөзге кезек сұрамай, Өз пікірін ұқтыра, Сөйлеп кетті бір ағай:
– Болатын іс болды енді,
Бос сөзді біз тастайық. Дәріменен емдеуді
Келер жылы-ақ бастайық.
– Дәрі-дәрмек қолданса,
Жөн-ау,
Бірақ ол үшін Әбден пісіп болғанша, Үзбеу керек жемісін.
Қаншама есті десе де,
Бала – бала, бұл анық.
Бір түйнекті жесе де,
Қалады ғой уланып.
Ішіндегі қулары
Қарата ма пісуге.
Қиын емес улауы
Жүрсе де ұзақ ішінде
.
– Дәрілеуге болмайды,
Шығар мұндай ойды естен, –
Биолог ағай Омбаев
Тұрды өстіп көнбестен.
– Жұмылайық бар ауыл,
Жеткізейік мол дәрі.
Балаларды қарауыл
Жолатпаса болғаны.
– Бұл талдарды жасынан Өсірген де балалар. Қиындықты басынан
Кешірген де балалар. Күтуді енді жұртқа артсақ,
Бірігіп күш жияр-ақ.
Ал бұларды сырттатсақ,
Болады ғой қиянат.
Сондықтан да бұл істің
Жайына сәл бойлайық.
Емге өздері кіріссін,
Біз амалын ойлайық.
– Жақсы айттың, аттасым,
Амалын біз табайық.
Қара торғай қаптасын
,
Ұя жасап, қағайық...
– Жұмыс бастан асады,
Қайтеміз бос қиялды.
Тал-шыбықтар жас әлі
Көтере ме ұяңды?
Көтермесе,
Күн қаққан
Ағаштарды қағамыз.
Болсын ұяң мың батпан,
Дес береді қадамыз.
– Білесің бе бұл үшін
Қанша ағаш керегін?.
.
– Қауіптенбе, туысым,
Мен-ақ әкеп беремін.
Ағаш ұя жасауға,
Мойнына алып мол істі,
Даярмыз деп қашанда,
Жұрт осыған келісті. Көңілім тым толқыды, Тәтті ойлар кимелеп.
Әлмағанбетке сол күні
Хат жаздым мен үйге кеп.
Баққа қара торғайлар
Қаптайтынын айттым.
Жемістерді енді олар
Сақтайтынын айттым.
Хат арқылы кейін де,
Сыр шертістік біз талай.
Айттым біздің өңірде Өткенін де күз қалай.
Боран ұйытқып, қар борап,
Содан кейін қыс келді. Шөп тасып біз, мал қарап,
Атқардық сан істерді.
Суға толып жер үсті, Көктем шыға бастады.
Ұя істеуге келістік,
Қойып біздер басқаны
.
Бүкіл бала жүр едік
Шеберхана қасында,
Біздің үйге тіреліп,
Тоқтады бір машина.
Жетіп барсақ, отырды Күлімдеп Әлмағанбет.
Қасындағы шопырды
Таныстырды «ағам», – деп.
– Әзер таптық үйіңді,
Машинамыз тығылып.
Алып келген сыйымды Түсір, – деді жымиып.
Сырын ішке жасырып
Нұсқады ол кузовын.
Ұмтылды Асқар асығып
:
Қараңдар, – деп, – қызығын.
Алмұрттардың үлкені-ай! Әрбірі аттың басындай. Өзі тіпті бірталай,
Шығыңдар тез асылмай
.
Құшақтап ол біреуін:
– Түсір, Әлен, мынаны, Әуп! – деп өзі, шіреніп, Шалқасынан құлады.
Ду күлісті балалар, –
– Күшті-ақ екен бұл шын, – деп.
– Келген бала қаладан
Мұны қайдан білсін, – деп.
Бірін Әлен енді кеп,
Лақтырып ап аспанға,
– Мұны қабақ дейді, – деп, Түсіндірді Асқарға.
Айтады жұрт осыны
Асқабақпен туыс, – деп.
Қызық мұның өсуі, Өседі іші қуыс боп.
Жұмбақ шығар өзгеге, Әжейлерге бұл ыстық.
Ыдыс тапшы кездерде,
Пайдаланған ыдыс қып
.
– Жоқ па, ә, – деп, – ыдысың?
Асқар тосты құлағын. Әлмағанбеттің бұл ісін
Мен өзінен сұрадым:
– Ыдыс деген жетеді,
Бізге керек бұл не үшін? Күлді ол Әкім екеуі:
– Кейін бір-ақ білесің...
* * *
Ертеңіне далаға
Бар баланы жинады.
Келген әрбір балаға
Он қабақтан сыйлады.
Содан кейін бәріне Бүйірлерін ойдырып,
Тазартты да дәнінен,
Ағаштарға қойды іліп...
Сол сағатта орнады
Ағаш сайын бір ұя. Әлмағанбет жоғары
Қарап тұрды жымия.
– Бүлінбейді жеміс түк,
Шіркей енді батпайды.
Бауларыңды өріс қып,
Қара торғай қаптайды
.
Көктей берсін талдарың, Көп алыңдар жемісті.
Мына шағын бауларың,
Орман болсын келісті! Сөзіне оның кейінгі
Дуылдата қол соқтық.
Оған деген пейілді
Біз осылай көрсеттік.
Жанарларды мұң шалып,
Қоштасатын кез жетті.
Қоштасудың мұншалық
Қиынын жұрт сезбепті.
Ауылымыз, үйіміз
Ит арқасы қияндай.
Бірімізді-біріміз
Ұзақ тұрдық қия алмай.
Қозғалды олар орнынан,
Бас шұлғыды торғын бақ.
Бала біткен соңынан
Қала бердік қол бұлғап.
* * *
Құлақта тұр дос үні,
Жиі аламыз ауызға.
Лезде оның есімі
Кетті айналып аңызға.
Қүн сайын ол туралы
Айта беріп ауыл көп,
Атап кетті бұл бауды «Әлмағанбет бауы» деп.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter