22.03.2024
  117


Автор: Сұлтан Қалиұлы

Қарғалар

Тысқа шықсам, аула – қар,
Басып қапты маңайды.
Тал басынан қарғалар
Тамашалай қарайды.
Бiрi ұшып,
Асыға
Қонды келiп аулаға.
Қарады тал басына
Қарды кешiп, таңдана.
– Қар! Қар! – деп ол шаттанды, –
Әрине – қар, бар ма дау?
Жердi жапқан ақ қарды
Шекер ме деп қалғаны-ау
!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу