Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
21.03.2024
105
Қысқы көл
Жайдары едi жаз күнi
,
Таңы күлiп ататын.
Айдын көлдiң қаз-қуы
Думан құрып жататын.
Үйректер де сымпылдап,
Сызатын-ды су бетiн.
Ақ шабақтар жылтылдап
Сайран салып жүзетiн
.
Құшаққа алып бұлақты
,
Болатын көл әр күн мәз.
Желпiп қоға, құрақты
,
Сүйсiнетiн жарқын жаз.
Жалын болып маздап ол
,
Сепкен сайын қызуын,
Көрсететiн жазға көл
Талай-талай қызығын.
Қысқаннан соң қыс келiп,
Өзгерiптi келбетi.
Қасарысып,
Тiстенiп,
Қатып қапты көл бетi
.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter