21.03.2024
  84


Автор: Сұлтан Қалиұлы

Сыр

Қадағалап iнiмдi,
Тергеп тұрам кешке мен.
– Бағаңды айт, – деп, – бүгiнгi, –
Күнделiгiн тексерем.
Көрсетуге қысылып,
Кей күнi ол көнбейдi
.
Кейде өзi ұсынып:
– Мә, тексерiп көр, – дейдi.
Көрсетуге қысылса,
Аян «екi», «бiр» бары
.
– Тексершi, – деп, ұсынса,
«Төрт» пен «бестiң» тұрғаны.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу