20.03.2024
  180


Автор: Сұлтан Қалиұлы

Қазақстан жалауы

Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек – Елдің ашық қабағы. Ақ ниеті – алтын күн, Асқақ арман – қыраны.
Жалауы бұл –
Халқымның
Мәртебесі, туы, ары.
Бұлт шалмасын күнімді,
Тарылмасын өрісім.
Биік ұстау туымды –
Қасиетті борышым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу