Өлеңдер ✍️

  20.03.2024
  181


Автор: Серікбол Валихан

Сынық үміт

 


Сен болған соң сағынышым мәңгілік,
Кетем қалай бәрін артқа қалдырып,
Сенде мені аңсап күтіп жүрсің бе?
Жанарыңның жауын жасын жаудырып.


Сусып түскен жапырақта үн барма?,
Қосып мені құлататын мұңдарға.
Шыңыраудан шығалмай тұр шаттығым,
Көкейімде сынық үміт тұрғанда.


Тағып алдым мұң моншақты кім үшін?,
Жүрегімнен безетіндей тынышым.
Сен ғанасың қара түнде қалғымай,
Ойлағанда күрсінетін тынысым.


Қорғай тұғын қанатымда қырқылған,
Ал жүрекке мүжілмейтін мұң тұнған.
Күз нөсері езіп менің жанымды,
Сығалап жүр сынық үміт сыртымнан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу