Өлеңдер ✍️

  20.03.2024
  113


Автор: Серікбол Валихан

Сұрамашы

 


Еске түсті тағыда бақ бұрынғы.
Теуіп шығып, алаңсыз шаттығымды,
Ұмытам деп жүргенде қайта бәрін,
Тағып алдым мойныма тәтті мұңды.


Мендік сезім желігіп, алып ұшқан,
Басын алып қашатын жалыныштан,
Арыла алмай қойдым мен неге екенін,
Жегідей жеп тұратын сағыныштан.


Анау басы білемін, мынау соңы,
Күйіп-пісіп оның да жүр ау соры.
Етек толып еңіреп тағдырыма,
Қиын маған тәңірден сұрау соны.


Жақын екен шаттық пен мұң арасы,
Мен жылайын сен бірақ жыламашы.
Менде сені жалынып сұрамаймын,
Сенде мені Тәңірден сұрамашы!.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу