Өлеңдер ✍️

  20.03.2024
  113


Автор: Серікбол Валихан

Сынай берме

 


Естіп жүріп жалғанның әңгімесін,
Кінәлайсың бүлінген жанды несін.
Ту сыртынан тон пішіп не қыласың,
Түсінбесең біреудің жан дүниесін.


Көріп жүріп өмірдің тамашасын,
Ағарады несіне қара шашың.
Өлшеп берген өзіңе ризығың бар,
Өліп-өшіп не үшін таласасың.


Біле тұра ойдағың болмайтынын,
Қызық осы, жоғыңды толғайтының.
Шекарадан аспайтын тағдыр жолын,
Білесің ғой пенде өзі таңдайтынын.


Жалғыз қалып түндерде жылайтының,
Құр бекерке таусылма бұлай күнім!.
Білесің бе? пендеге шын мәнінде,
Түйірдей сәт, таудай бақ құрайтынын.


Босағамды бақ келіп баспады деп,
Жүрме тағы таусылып босқа жүдеп.
Өзің мінсіз болсаң да періштедей,
Сынай берме құрысын басқаны көп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу