Өлеңдер ✍️

  20.03.2024
  710


Автор: Серікбол Валихан

Оян Қазақ! қару алма білім ал!

 


Көрер көзге, көз тоймайтын көрікті ең,
Жетесіздер елді тонап желіккен.
Үкіметті ұры, қары деп алып,
Тонадыңдар Алматыны неліктен?.


Боз баланы неге сонша ұрдыңдар?,
Қарға құрлы бола алмаған құзғындар.
Ата-анасын бейбіт күнде боздатып,
Адамдықтың қағидасын бұздыңдар.


Құдайымды мен есіме жиі алдым,
Именемін қымсынамын ұяңмын.
Ардан аттап ұрлық қылған халықты,
Көріп тұрып жерге кіріп ұялдым.


Қалғанын ай қу кеңірдек қарылып,
Түтіп жеді ши бөрідей жабылып.
Құлқындары кеңейгенбе керісінше,
Құдай берген пейілдері тарылып.


Шырылдатпа болды жетер халықты,
Мойнына іліп айыппұл мен салықты.
Аз айлығын жеткізе алмай онсыз да,
Кедейліктің күйбеңінен жалықты.


Оян Қазақ! қару алма білім ал,
Құдайыңды әбден танып ұғып ал.
Басынбайды езе алмайды сонда ешкім,
Кім болса да қасарысып тұрып ал.


Серікбол Валихан




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

02.12.2024 21:41
Өте керемет жүрекке кірді

Пікір жазу