Өлеңдер ✍️

  20.03.2024
  159


Автор: Серікбол Валихан

Құдайдың құдіретін сезесің бе?

 


Терең ойды теңселіп толғайсың ба?,
Үзіліп, жапырақтай солмайсың ба?.
Жылап келген өмірге күліп тұрып,
Ерегесіп бақытты болмайсың ба?.


Біреудің тағдырымен ойнайсың ба?,
Қабір асты,
Суық қой тоңбайсың ба?.
Өзімшілдік түбіңе жетпей тұрып,
Артынан жамандауды қоймайсың ба?.


Сөзде тұрып, сырымды сақтайсың ба?,
Ғайбат айтып,
Сыртымнан сатпайсың ба?.
Тыныш жүрсең ешкімді өсектемей,
Өздігінен адамнан бақ тайсын ба.


Әркімнің өз тағдыры шекесінде,
Оны кешпей, өмірден өтесің бе?.
Өңешіңе тықпалап байлығыңды,
Көріңе бірге алып кетесің бе?.


Қыран болып құздарды кезесің бе?,
Сынақ берсе мұқалмай төзесің бе?.
Бір тамшыға жан беріп, жанын алған,
Құдайдың құдіретін сезесің бе?


Серікбол Валихан




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу