18.03.2024
  143


Автор: Кітапханашы күні

Менің таңдайтын мамандығым

Мен мектепті бітіруге жақындаған сайын қандай маман иесі боламын деген сұрақтар санамда сайрап, мазамды қашырады. Өзім кітап оқығанды жақсы көремін. Түрлі ақын-жазушылардың авторлық кітаптарын оқып жаныма рухани байлық алып ерекше әсерде жүремін. Қалалық кітапханаларға барып өзіме ұнаған кітаптарды алып оқимын. Мен бірде солай кітапханаға барған кезімде кітапханашы апайлардың бір іс-шара болады деп сабылып жүргенін, әлгі іш-шараға қызу дайындық болып жвтқанын білдім. Бұл қандай іс-шара? — деп сұрағаным кезекті ақынмен кездесу деп жауап берді. Мен сонда ғана менің болашақ мамандығымның Кітапханашы екеніне көзім жетті. Неге десеңіз, Кітапханашылар үнемі ізденіс үстінде, іс-шараларға дайындық жасап жүреді екен. Кітапхананы рухани байытатын орда екеніне көзім тағы да жетті.
Ияя, мен Кітапханашы боламын. Кітаптардан сусындап, жаңадан келген әрбір кітаппен танысып, бірінші оқитын боламын. Бұл мен үшін үлкен бақыт. Оқырмандарға оқыған кітаптарымды айтып, оқуға кеңес беретін кітаптарды таныстырып отырсам менен бақытты жан болар ма екен? Бұл менің қолымнан келеді. Мені күт Кітапхана! Алдағы уақытта жас Кітапханашы маманы орталарыңыздан табылатын болады!






Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу