Шығармалар ✍️
Наурыз біздің жаңа жыл
Наурыз мейрамы — барша мұсылман елдері тойланатын мереке болып табылады. Әр ел өз салт-дәстүріне қарай тойлайтын — Наурыз мерекесі күн менен түн теңелетін біздің жаңа жылымыз. Наурыз деген сөз араб тілінен «Жаңа күн» деген мағынаны білдіреді екен. Жаңа күн жетіп елімізге, жаңа жыл жетіп жерімізге асыр салып қуанатын күн бүгін, бақытты боп шаттанатын күн бүгін. Ұлыстың ұлы күні, жылдың басы — біздің Наурыз мерекесі. Күн ұзарып, түн қысқара бастайды.
Ертеректе бұл мерекені бүкіл ауыл болып дайындалып, үлкен той қылып тойлайтын болған. Бірақ бұл ертеректе тойланып, қазір тойланбай қалды деген сөз емес, қазірдің өзінде Наурыз мерекесінің орны ерекше. Бұл күнге дайындық 2-3 күн бұрын басталып, қаланың шырайлы жерлеріне қазақи үрдісте нақышталған киіз үйлер мен этно ауылдар бой көтереді. Алтыбақан орнатылып, түрлі ойындар ұйымдастырылады. Арқан тарту, күрес, ән тақпақ би, деген сияқты ұлттық нақыштағы киімдер киіліп, айналамыз бір ерекше күйге енеді. Алаңда барша халық жиналып, Наурыз жайлы әдемі қойылымды тамашалайды. Наурыз басталған кезде қала әкімі халыққа жылы лебізін білдіріп, қоғам қайраткерлері мен ақын-жазушылар, әншілер сөз сөйлеп, ақ жарма тілектерін білдіріп жатады.
Сонымен қатар, ұлттық тағам ет асылып, бауырсақ пен шелпек пісіріледі. Кей жерлерде палау басылып жиналған қауымға таратылады. Бірақ бұл күні біздің ең басты тағамымыз жеті түрлі астан дайынлалатын Наурыз көже болып саналады.
Біздің сүйікті мейрамыңыз Наурыз мерекесі құтты болсын баршаңызға! Ақ мол, Ұлыс оң болсын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter