Эсселер ✍️
Наурыз келді ағайын
Наурыз келді ағайын, айналанымызды нұрға бөлеп, көңіліміз жайланып, өміріміз жанданатын сәт, ағайын-туыстар, көршілер мен дос-жарандар жиналып, қуанышта, шаттықта бастары қосылып, ақ дастархан басында ақ тілектері мен баталарын жаудыратын күн. Табиғатымыз тамаша күй сыйлап, бар жақсылығын жинайтын күн. Жаңа күннің жақсылығын сезініп, бойымыз бен ойымыз тазаратын күн. Күн менен түн теңеліп жұлдызымыз жарқырап, жанымыз жадырайтын күн. Ұлттық салт-дәстүріміз жанданып, ұлттық ойындар ойнатылатын күн. Наурыз думан тамаша, тамашасы көп, думаны үлкен тойға жалғасатын күн. Араз жандар татуласып, төс қағыстыратын күн. Осындай күндердің басын қосатын бұл біздің жаңа жылымыз Ұлыстың ұлы күні біздің Наурызымыз! Міне, осындай әсер беретін Әз-Наурыз мерекесі әрбір үйде тойланып, әр жыл сайын жалғасын табуда. Аталарымыз ақ батасын беріп, наурыздан наурызға аман-есен жете берейік деген тілегін жеткізіп жатады.
Ендеше, келіп жеткен Наурыз мерекесі құтты болсын, ағайын! Төрт көзіміз түгел, төрт құбыламыз тең болсын! Ұлыс оң, ақ мол болсын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter