Өлеңдер ✍️

  06.03.2024
  399


Автор: Әліпов Айтбек Рымбекұлы

Жаратқанға бас иемін

Сен тек менікісін, тек менікісің!


Сол үшін мен жаратқанға бас иемін!


Бір көргеннен өзіне ғашық еткен,


Тәңірдің маған деген сыйы деп білем.


 


Сен тек менікісін, тек менікісің!


Жанымның бір бөлшегі бөлінбейтін.


Жан дүниемнің өзара құлшынысы,


Сүйкімді дүниемнің сұлулығы.


 


Сен тек менікісін, тек менікісің!


Сол үшін мен жаратқанға бас иемін!


Көркемдіктен жаралған,


Раушан гүлім.


Нәзіктіктен есілген,


Самал желім.


 


Шүкіршілік етемін осы күнге,


Шүкіршілік етемін атқан таңға.


Әр күнімді бақытым деп бағалап,


Бәріне бақыт тіледім.


Асыл да ізгі ниетпен!


 


 


 Бір өзіңде арнадым мадақ жыр Эльмира.


Арнай берем талай жыр. Алғыс айту күні қарсаныңда.


29.02.24ж.  Астана қ.


 


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу