Шығармалар ✍️
Наурыздың бұл 8-і қуаныш пен мереке
Наурыз айының 8-і қуаныш пен мереке көктемнің алғашқы мерекелерінің бірі. Жанымызға жақын жандарды, тіпті еліміздегі бүкіл әйелдер қауымы мен ару қыздарымызды құттықтайтын мереке.
Асыл әжем! Әрбір адамның жүрегінен орын алатын Ақ жаулықты әжелердің қашанда орны бөлек! Әжеміз бізге бар тәттісін беріп, әдемі ертегілерімен ұйықтататын жан емес пе?! Немересі біздерге бар көңілін арнап, тілеуімізді тілеп отыратын Әжелер қауымына амандық тілеймін!
Мейірімді Анашым!
«Анасы бар адамдар қартаймайды» дегендей, аналарымыз барында расында да қартаймаймыз, жанымыз тыныш, бақыттымыз. Аналарымызды ренжітпейік, оларды құрметтеп, бақытты етейік! Аналарымыз аман болсын!
Алтын әпкем!
Әрқашанда қодап жүретін, қасымыздан табылып, жанашыр болатын Алтындай әпкесі бар адамдар ешқашан жалғызсырамайды деп ойлаймын! Әрдайым іштей тілеуімізді тілеп отыратын әпкелеріміз аман болсын!
Сіңіліміз барында
Сіңіліміз барында көңіліміз орнында. Біріне қарырдас, біріне сіңілі болатын жандар жанашырлығымен жанымыздан табылады. Қуансаң қуанып, мұңайсаң мұңаятын сіңілеріміз аман болсын!
Ұстаз апайлар
Ұстаз апайларымыз біздің екінші анамыздай бізді ойлап, білім беріп, өмір жолыңның ашық болуына бар жағдайды жасап жүреді. Олардың да біздің өмірімізден алатын орындары ерекше. Ұстаздарды сыйлап, құрметтеу біздің парызымыз!
Құрбы қыздар бар болса! Құрбылардың да өмірімізде алатын орындары ерекше. Сырың мен мұңыңды тыңдап, жанашырлық танытатын, бар жақсысымен бөлісіп, мұңайсаң демеу болатын құрбылар біздің мақтанышымыз!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter