22.02.2024
  151


Автор: 8 наурыз

Асыға күтетін мереке

8 наурыз «Халықаралық әйелдер» күні — менің асыға күтетін мерекем. Көктемнің алғашқы мерекелерінің бірі де бірегейіне айналған бұл мерекенің жүрегімізден алатын орны ерекше. Мереке күні бүкіл әйелдер мен қыздар қауымы гүлдей құлпырып, айналамызды нұрландырып жіберетіндей ерекше қасиетке ие.
Бәріміздің де анамыз бен әжелеріміз бар, әпкелеріміз бен сіңілеріміз (қарындасымыз) бар. Шүкір Аллаға, барлығы да аман болып, жүздеріңнен күлкі кетпесін! Оларға дәл осы мерекеде қуаныш сыйласақ, жабырқау көңілдеріне шаттық пен бақыт ұялатсақ ең кереметі де осы емес пе?! Олар қуанса біз де қуанамыз, олардың жүздері бақыттан жадырап тұрса біздің де жанымыз жадырайды, солай емес пе?! Ендеше, Әжелеріміз бен аналарымызды, әпке-сіңілі, қарындастарымызды қуанта жүрейік! Мерекеге тосын сый жасап, жүздеріне қуаныш ұялатайық!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу