22.02.2024
  537


Автор: 8 наурыз

«Бәрі де, Ана, Бір өзіңнен басталды»

"Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Сен деп жаздым алғаш өлең, дастанды.
Қуандым ба,
Өзің бар деп қуандым.
Жыладым ба,
Өзің жоқ деп жас тамды, -

деп Қадыр Мырзәлі атамыз айтқанындай бізге өмір сыйлаған, мына жарық күнді сыйлап, «өмір» атты айдында қалай жүзуді үйреткен жан, аялы алақанында мәпелеп өсірген адам ол әрине — Аналарымыз. «Анасы бар адамдар қартаймайды» — деп, бекер айтылмаған болар. Анаңыз қасыңызда ма, көз алдығызда сізге жымиып қарап тұр ма, онда сіз бақыттысыз. Ананы көзінің тірісінде қуанту, бақытты ету әрбір перзенттің парызы деп білемін. Сондықтан, анамызга дауыс көтермей, жанына қаяу салмай оларды қуанта білейік!
Міне, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні есік ашып отыр. Анамызға қоңырау шалып, мүмкіндік болса анамызды көру үшін анамыз отырған қарашаңыраққа барып, сыйымызды жасап қуантып қояйық! Ананың ақ батасын алу арқылы жанымыз жадырай, бақытты күйге енейік! Аналар жыламасын! Көзінен жас құламасын! Аман болсын, Аналарымыз!






Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу