22.02.2024
  66


Автор: Бодо Шефер

Қабырғалар құлаған кезде көкжиек кеңейеді

Біз мұндай кітапты күттік. Онда ешқандай ақыл айту жоқ. Бұл балаларға ересектердің басты қызмет саласына – ақша табуға – ішінара қол ұшын тигізуге мүмкіндік береді. Фридрих Фребель алғашқы балабақшаны құрғаннан бергі 200 жыл ішін-де тәрбиешілер әлемде балалар еңбегі мен қаналуына орын жоқ дей отырып, балаларды тек ойын ойнаумен айналыстырады. Ал қазір балаларға ересектер өміріне    бұрынғыдан көбірек араласар мүмкіндік беретін уақыт келді.


Бұл кітап алалаушылықтан арылуға және көру өрісін кеңей-туге мүмкіндік береді. Кәсіпкерлік – бұл ауыр жұмыс емес, бала-лар құмарта ойнайтын ойын. Бұл манаураған жігерсіз әрекет емес. Онда шытырман тіршілік рухы бар және тапқырлықты дамытады.


Нарықтық ортада оқу білімді белгісіздік жағдайында игеру-ді білдіреді. Кез-келген кәсіпкерлік шешімде тәуекел элементі бар. Егер ол дұрыс емес болып шықса, онда ерте ме, кеш пе экономикалық санкциялар қолданылады. Сонымен қатар, дұрыс шешімдер жоғары табысқа әкеледі. «Кәсіпкерлік» және «ақша» ойындары табиғатта өте маңызды. Базар тек мектеп емес. Ол кедергілер жолағы, шатастырылған лабиринт, жедел шешім қабылдау орны, зертхана, қабылдауды жетілдіруге арналған тірек тасы немесе идеялар биржасы сияқты көрінуі мүмкін.


Нарықтың демократия сияқты өзіндік принциптері бар. Бұл ережесіз күресті емес, ашықтықты, бәсекелестікті, адамдармен қоршаған орта алдындағы жауапкершілікті, әділ ойын мен күтпеген құлдыраудан қорғауды білдіреді.


Кәсіпкерлікпен айналыса отырып, адамдар өзіне сенімді, бастамашыл және тәуелсіздікке ие болады. Мұның бәрі өзімшіл-діктің көрінісі деп айтасыз ба? Әрине! Бірақ бұнда өзімшіл-дікте ортақ игілікке қамқорлық бар, бұл әлемде жалғыз емес екенімізді,                          әлсіздерді   қорғайтынымызды,       келіспейтіндерді кемсітпейтінімізді, құлағандарды таптамайтынымызды, басқа-лардың үстінен билікке ұмтылмайтынымызды көрсететін ынты-мақтастықты қалыптастырады. Бұл айналадағы адамдарға ғана емес, табиғатқа, оның ресурстарына, қорғалуды қажет ететін жануарлар әлеміне де қатысты. Жоғары мораль өзін ақтайды. Біз балаларға әлеуметтік және экономикалық жауапкершілік сезімі бар кәсіпкер нарықтық экономиканың шынайы өкілі екенін үйретуіміз керек.


Ақша табудың еш жаман жері жоқ. Кімде-кім осы қызмет түрімен ерте айналысатын болса, тұтынушылардың өмірге деген көзқарасына қарсы иммунитетті тәрбиелейді және ешкімнің асырауында болғанды ұнатпайды. Сондықтан ақша табатын адам тұтынушылық спиральдың құлы болмайды. Кәсіпкер-лік адамдарда шектеулі ресурстарға ағартушылық және үнемді көзқарасты тәрбиелейді. Адамдарда тәрбиелеу керек ақылға қонымды қарапайымдылық екінші сұрыпты сатып алғаннан гөрі бірінші сұрыпты өнімді бір рет сатып алған дұрыс дегенді білдіреді. Бұл өнімнің сыртқы түрі сәннен шыққандықтан ғана жаңалықтарды үнемі іздеуден бас тартуды білдіреді. Өмір сапа-сы барған сайын жоғары технологиялық өнімдердің жинақта-луына емес, адамның көршілерімен араласуға уақыт табуына, өз сезімін білдіре алатынына, өнердегі сұлулықты көре алатынына байланысты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу